Әлем • 06 Қазан, 2018

БҰҰ Индонезияға 50,5 млн доллар көмек береді

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ Индонезиядағы табиғат апатынан зардап шеккендерге көмек көрсететін жоспар әзірледі. 

БҰҰ Индонезияға 50,5 млн доллар көмек береді

Зардап шеккендерге көрсететін жоспардың жалпы құны 50,5 млн доллар.  Жария етілген көмек жоспары 191 мың адамға үш ай бойы үздіксіз көмек көрсетуді көздейді. Аталған жоспар Индонезия үкіметімен бірлесіп әзірленген. Бұл туралы Женевада өткен жиында БҰҰ гуманитарлық мәселелер бойынша басқармасының өкілі Йенс Лэрке айтты.

Айта кетейік, Индонезияның Сулавеси аралында, Орталық Сулавеси провинциясының әкімшілік нүктесі Палу қала­сына жақын маңда магниту­дасы 6,1 балға тең зілзала бол­ғаны белгілі. Арада көп уақыт өтпей жатып дәл осы маңда зілзала 7,7 балдық күшпен ке­зекті мәрте соқты. Артынша шаһарға биіктігі 6 метрге дейін жететін цунами екпіндей соғып, онсыз да қираған қала үйдей толқындардың астында қалды. Осылайша аз ғана уақыт ішінде 335 мыңнан астам халқы бар қала күл-талқан болды.