Қазақстан • 07 Қазан, 2018

7 қазанға арналған ауа райы болжамы

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай болады. Кей жерлерде тұман күтіліп, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

7 қазанға арналған ауа райы болжамы

Түркістан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, түнде және таңертең кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с, күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдауы мүмкін. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Ақмола облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде және таңертең найзағай жарқылдап, жылдамдығы 15-20 м/с жететін жел соғады.

Маңғыстау, түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Түркістан, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі бар.