Қазақстан • 06 Қазан, 2018

Біздің алдымызда жаңа биіктерді бағындыру міндеті тұр - С. Абдрахманов

76 реткөрсетілді

Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов Президент жолдауы туралы пікірін білдірді.

«Біздің алдымызда жаңа биіктерді бағындыру міндеті тұр. Жаңа, қиын, күрделі міндеттер тұр. Әлем өзгеріп барады, орынсыз саясиланып барады. Саясат экономикаға араласты. Саясаттың салдарынан экономикаға тікелей әсер ететін, ықпал ететін факторлар көбейіп барады. Осындай кезде Елбасы Қазақстанның экономикасын халықтың әл-ауқатын жаңа сатыға көтеру үшін нақты ұсыныстарды енгізіп отыр. Атап айтқанда, тұрмысы төмен адамдардың әл-ауқатын арттыру жөнінде ең төменгі жалақыны 1,5 есеге өсіру, бюджет мекемелері қызметкерлерінің жалақысын 35%-ке өсіру сияқты нақты қадамдар жасалғалы отыр», - деп атап өтті депутат.

Оның айтуынша, Жолдаудан кейін мұғалімдердің мәртебесі артып, ел алдында құрметі еселене түседі.

«Бір кездері біз рахмет айтқанда, ырза болғанда, бата бергенде «молда бол, балам» деп айтатын ел едік. Ол заманда молда болу - мұғалім болу деген сөз. Бүкіл қазақтың сауатын ашқан - молдалар. Өкінішке қарай, объективті және субъективті пікірлерге байланысты мұғалімдердің мәртебесі төмендеді. Ауылдық жерде қолбалаға айналып, кез келген шаруаға алдымен мұғалімді жегетін жағдай қалыптасты. Енді педагог мәртебесі туралы заң қабылдағаннан кейін бұл мәселеде нақты өзгерістер болатынына сенеміз және Парламент депутаттары ретінде оның ішінде әлеуметтік мәдени даму комитетінің мүшесі ретінде бұл салаға, бұл жұмысқа міндетті түрде араласатын боламыз», - деді С. Абдрахманов.

Ал, Жолдаудың жариялану мерзімі турасында былай деді:

«Осыған дейін біз Жолдау жылдың басында, кейде тіпті наурыз айына берілетініне үйренгенбіз. Жыл ішінде атқарылатын жұмысты наурыздан бастау немесе тапсырмаларды қаңтарда алу тиімді емес. Міне қазір қазан айының басында айтылып, межелер белгіленді. Арнаулы заңдар қажет болса, біз қазан, қараша, желтоқсан айларында ол заңдарды қабылдай аламыз. Бюджетке де өзгеріс енгізе аламыз. Бұл өте ыңғайлы»

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Әлем қартая бастады

Әлем • Бүгін, 15:36

Енді ет бағытындағы құс өсіреді

Аймақтар • Бүгін, 15:32

Бокс: Ерәлиев ұтылып қалды

Спорт • Бүгін, 15:21

Апта фотосы (14.04 – 21.04)

Әлем • Бүгін, 12:31

Ұқсас жаңалықтар