Қазақстан • 07 Қазан, 2018

Жанармай стансасына қарақшылық жасаған қылмыскер анықталды

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, жанармай стансасына шабуыл жасаған адам – полиция қызметкері.

Жанармай стансасына қарақшылық жасаған қылмыскер анықталды

Криминалды полиция қызметкерлері Астана-Көкшетау тасжолындағы жанар-жағарамай стансасына қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады. Қазіргі кезде оны уақытша қамау абақтысында ұстап отыр. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Алмас Сәдубаев хабарлаған.

«Шабуыл кезінде ол бетпердені қиіп алып, кассирді қарумен қорқытқан. Сөйтіп, 1 миллион теңге көлеміндегі ақшаны үптеп кетті. Өкінішке қарай, ұсталған азамат полиция қызметкері - Шортанды аудандық ішкі істер бөлімі уақытша қамау изоляторының бастығы болып шықты», - дейді А.Сәдубаев.

Сондай-ақ, Алмас Сәдубаев қылмыскердің бұл әрекеті үшін кешірім сұрады.

«Біздің қызметкеріміз жасаған заңсыз әрекеті үшін xалықтан кешірім сұраймыз»