Саясат • 08 Қазан, 2018

Италия мигранттарды қабылдаудан бас тартпақ

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның ІІМ басшысы, вице-премьері Маттео Сальвини Еуроодақ босқындарға қатысты жаңа ережелер қабылдаған жағдайда, әуежайларын жабатынын айтты, деп хабарлайды Италияның Corriere della Sera газеті.

Италия мигранттарды қабылдаудан бас тартпақ

Мұндай шешім қабылдауға Еуроодақ пен Германияның мигранттардың алғаш келіп жеткен мекеніне қайтару туралы ұсынысы себеп болды.

«Егер Берлин мен Брюссель Италия ондаған мигранттарды қабылдайды деп ойласа, теңіз айлағын жапқанымыздай әуе жолдары да жабылады», деді мемлекеттің ішкі істер министрі.

Дублин келісіміне сәйкес, Еуроодақ құрамындағы мемлекеттер босқындарды алғаш келіп жеткен мемлекетіне қайта жіберуге құқығы бар.

Естеріңізге салсақ, 2018 жылдың маусымында да Италия 600 жолаушысы бар кемені қабылдаудан бас тартып, Мальтаға қарай жолдаған болатын.