Аймақтар • 08 Қазан, 2018

Ұлыбритания патшайымы II Елизаветадан хат келді

206 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 «D» сынып оқушысы Ислам Сүлейменге Ұлыбритания патшайымы II Елизаветадан хат келді, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Ұлыбритания патшайымы II Елизаветадан хат келді

Ислам өз хатында алдымен Патшайымның әлемдік саясатта алар орны мен қосқан үлесі жөнінде жазған. Бұдан кейін пат­шайым­ның немересі Гарри ханзада мен Меган Марклдың шаңырақ көте­руімен және шөбе­ресі Луидің дүниеге келуімен құт­тықтап, өз тіле­гін білдірген. Бұл хатты жазуына Исламның бала кезінен Ұлыбритания тарихына деген қызығушылығы себеп болған. 

«Британдықтардың ғасыр­ларға созылған тариxы, мәдениеті мен тілі әрқашан мені баурап алатын. Әсіресе заманауи ғасыр­да монар­xиялық билікті әлі де сақтап қалып, дәстүрлерін жал­ғастыруын ерекше атап өтуге болады. Соңында белгілі тұлғаға деген ізгі ниетімді жеткізіп, xатты рәсімдеуге кірістім. Ұстазым бұл жұ­­мысымды оң бағалап, «Қаз­пош­­та» арқылы жібердім», дейді ол. 

Бір апта уақыттың ішінде келген хаттың жауабында патшайым Исламға құттықтауы үшін алғыс білдірген. 

«Деректерге сүйенсек, Бу­кин­гем сарайына әлемнің әр же­рі­нен күніне 300-ден астам xат келеді екен. Соның ішінде менің жазбамның қараусыз қал­мағаны өзімді ерекше қуант­ты әрі таңғалдырды. Шыны керек, Лондоннан ресми жауап­ты мүл­дем күтпеген едім. Қуаны­шым­да шек жоқ», дейді Ислам Сүлеймен. 

Жасөспірім сабақтан тыс уақы­­тында мақала жазып, жур­налистика үйірмесіне қа­ты­сады және туризм саласына қатысты ғылыми жобалар жазумен айналысады. «XV Сәтбаев оқула­ры» Халықаралық ғылыми-практикалық кон­фе­ренциясының І дәрежелі диплом иегері, «Жас Ме­диа» тұңғыш республикалық жас журналистер сыйлығының лау­реаты. Болашақта Лондонның жоғары оқу орнында білім алуды арман­дайды.