Әлем • 08 Қазан, 2018

Бразилияның президент сайлауы екі кезеңде өтеді

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бразилияның президент сайлауы екі кезеңде өтетін болды, деп хабарлайды Euronews.

Бразилияның президент сайлауы екі кезеңде өтеді

Президент сайлауының алғашқы кезеңінің  нәтижелерін сараптау барысында Бразилияның Ұлттық парламентінің оңшыл депутаты Жаир Болсонару 46,24%, ал солшыл еңбекшілер партиясының өкілі Фернанду Аддад 28,99% дауыс жинаған.

Бұл нәтижемен екі депутат Бразилияның президент сайлауының екінші кезеңіне өтті. Бұл мәліметтерді Бразилияның Жоғарғы сайлау соты жексенбі күні жариялады.

Сайлау ережелері бойынша, үміткерлер 50%-дан жоғары жинау керек. Алайда, бұл жолғы сайлауда екі қарсыластың нәтижесі математикалық тұрғыда мүмкін емес, сондықтан сайлаудың екінші кезеңі өтетін болады. Оны сайлау соты 28 қазанға белгіледі.

Еңбекшілер партиясының өкілі Фернанду Аддад: «Біз өзін демократ санайтындарды жинағымыз келеді. Кедейлердің жағдайын ойлайтын, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге атсалысатын адамдарды жұмылдырғымыз келеді. Бразилияда әлеуметтік әділдікті орнату – мақсатымыз», деді.