Парламент • 08 Қазан, 2018

Нұрлан Нығматулин Бинали Йылдырыммен кездесті

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Бинали Йылдырым Анталиядағы Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің үшінші жиналысы аясында парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі ынталандыру жайын талқылады, деп хабарлайды Мәжілістің Баспасөз қызметі.

Нұрлан Нығматулин Бинали Йылдырыммен кездесті

Кездесуде екі ел көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайып Ердоғанның өзара түсіністікке негізделген бірлескен тиімді жұмысының арқасында Қазақстан мен Түркия көпқырлы әріптестікті нығайтуда жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті.

Бүгінгі таңда екі ел арасындағы қарқынды саяси диалог пен терең экономикалық байланыстар орнатылып, өзара іс-қимыл ынтымақтастықтың барлық салаларында тиімді дамып келеді.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, Қазақстан мен Түркия елдерінің қарым-қатынасына 2017 жылдың қыркүйек айындағы Түркия Президентінің Қазақстанға ресми сапары және Қазақстан Президентінің осы жылдың қыркүйек айындағы Түркияға ресми сапары елдер арасындағы байланыстың нығаюына тың серпін берді.

Кездесуде Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған негізгі бағыттарды атап өткен Мәжіліс Төрағасы, көлік және логистика, туризм және ауыл шаруашылығы салалары екіжақты ықпалдастықтың басым бағыттары бола алатынына тоқталды.

Нұрлан Нығматулин мен Бинали Йылдырым парламентаралық байланыстың нығаюы Астана мен Анкараның өзара жан-жақты тиімді ынтымақтастығын дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10