Әлем • 08 Қазан, 2018

Сулавеси: 2000-ға жуық адам зардап шекті

67 реткөрсетілді

Индонезияның Сулавеси аралындағы жер сілкінісі мен цунамиден зардап шеккендер саны 2000-ға жуықтап қалды, деп хабарлайды EURONEWS.

Индонезияның Сулавеси аралындағы жер сілкінісі мен цунамиден зардап шеккендер саны 2000-ға жуықтап қалды. Мемлекет басшылығы бейсенбі күні іздестіру-құтқару жұмыстарын тоқтатуды жоспарлап отыр.Оған қоса, соңғы мәліметтерге сүйенсек, із-түссіз жоғалғандар саны 5000-нан асып кеткен.

Палу қаласындағы кейбір мектептер ашылды, бірақ сабақ әлі басталмады. Себебі, алдымен қайта оралатын оқушылардың нақты санын шығарып, кейіннен сыныптарды сабақ өткізуге дайындау қажет. Қаладағы мектептердің біріне дүйсенбі күні келуі тиіс 697 оқушының 50-ге жетер-жетпесі ғана қатысқан.

«Біз балаларға бұл ауыр жағдайды жеңуге, олардың мектепке баруға деген ықыласының артуына көмектесіп жатырмыз. Кеше бірнеше оқушы келді, олар тіпті біз сұрамасақ та, мектептегі сабақтарын сағынғандарын айтты» - дейді Орталық Сулавеси провинциясында орналасқан №3 ОМ директоры Касилудин Тахия.

Аймақтың 200 мыңға жуық тұрғын жедел гуманитарлық көмекке зәру. Соған қарамастан, кейбір шалғай елді мекендерге тек жақын арада ғана тікұшақтар арқылы азық-түлік пен алғашқы қажеттіліктер жеткізілді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар