Парламент • 08 Қазан, 2018

Қ.Тоқаев: Алға қойылған міндеттердің тиімді орындалуы заңдардың сапасына тікелей байланысты

128 реткөрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты Бюросының отырысы болды. Депутаттар Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылады, деп хабарлайды Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Сенат басшысы Елбасының тарихи маңызы зор, стратегиялық Жолдауында еліміздің тыныс-тіршілігінің барлық салалары бойынша бүгінгі күннің өткір мәселелеріне терең талдау жасалғанын атап өтті.

«Президент Жолдауында халықтың әл-ауқатын жақсарту, денсаулығын сақтау бойынша жұмысты жалғастырудың қажеттілігіне баса назар аударылды. Ең ауқымды мәселелердің шешу жолдары нақты айқындалып, мемлекеттік биліктің барлық тармақтарына маңызды міндеттер жүктелді», - деді Қ.Тоқаев.

Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі мен тыныс-тіршілігі Елбасының тұрақты назарында екенін айта келіп, Сенат Төрағасы Жолдауда халықтың әрбір қажеттілігі анық көрсетілгенін және оны шешу тәсілдері айқындалғанына тоқталды.

Жоғарғы Палата басшысы заң үстемдігін қамтамасыз ету және құқықтық реформаны белсенді іске асыруға айрықша мән берілгенін атап өтті. Осыған байланысты Палата депутаттарына нақты тапсырмалар берілді.

«Елбасының алға қойған ауқымды міндеттерін тиімді жүзеге асыру – қабылданатын заңдардың сапасына тікелей байланысты. Осы бағытта Сенат белсенді түрде қызмет атқаруы тиіс. Жолдауды іске асыру бойынша бекітілетін Жалпы ұлттық жоспар негізінде Сенаттың тиісті жоспары қабылданатын болады», - деді Қ.Тоқаев.

Елбасының Жолдауын өңірлерде жұртшылықпен талқылау мақсатында    13-21 қазан аралығында еліміздің аймақтарына іс-сапарға шығу туралы депутаттарға тапсырма берілді.

Алдағы кезеңде Палатаның жұмысы қыза түсетін болады. Бюджетті нақтылау жөніндегі заң жобасы мен 2019-2021 жылдарға арналған бюджет жобасы қаралады. Одан басқа, 10-11 қазанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезі өтеді.

Бюро отырысында Мәжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің арасындағы Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Қызыл Крест Комитеті Өкілдігінің мәртебесі, артықшылықтары және иммунитеттері туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ертегілік ес әлемінің өкілі

Руханият • Бүгін, 09:37

Қаламгер мен Қаһарман

Руханият • Бүгін, 09:31

Акварель әлемі

Руханият • Кеше

«Хат қоржын» (21.05.2019)

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар