Медицина • 08 Қазан, 2018

Павлодар облысында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 305 пәтер сатылымға шығарылды

306 реткөрсетілді

Елбасы ұсынған «Бес әлеуметтік бастаманың бірі» – «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтерлер сатылымға шыққаны белгілі. Ұлттық банктің өңірлік филиалының мәліметінше, облыстың 13 тұрғыны жалпы құны 143 миллион  теңге болатын пәтерлерді бағдарлама аясында алуға өтініш білдірген. 

Суретті түсірген: Валерий Бугаев

Облыстық құрылыс басқармасының хабарынша, Павлодар мен Екібастұз қалаларында «7-20-25» бағдарламасы бойынша 305 пәтер сатылымға шығарылды. Жыл соңына дейін бұл тізімге тағы 400-ге жуық пәтер қосылмақшы. Екібастұзда 180 пәтер, бес қабатты үш үй «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы салынған болатын. Пәтерлердің бір шаршы метрі 145-150 мың теңге. Облыстық және жергілікті бюджет есебінен субсидияланды, енді  пәтерлердің бір шаршы метрін тұрғындар 100 мың теңгеге сатып ала алады.

Өңірдегі «Клочан», «Әлем-ПВЛ», «Аружан», «Чайгазинов» құрылыс компаниялары белсенділік танытып, тұрғын үй  құрылысына кірісіп те кетіпті Өкінішке орай, банк өкілдерінің айтуынша, бағдарлама бойынша пәтер алудың  тиімді тетіктерін түсіндіру жұмыстары нашар. Тұрғындарға түсінік  жұмыстары да жетпеуде.

Жалпы, өңірде «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер алу  үшін пәтер құны 15 миллион теңгеден аспауы тиіс.  Ай сайынғы төлем көлемін анықтау үшін Ұлттық банк сайтындағы есептеу көмегіне жүгіну керек.  Бағдарлама аясында пәтер алу үшін жалақы 180 мың теңгені құрауы тиіс. Өтініш берушінің 25 жыл бойы ай сайын 80 мың теңге төлей алатыны анықталады.

Облыс орталығындағы «Сарыарқа» шағын ауданында  8 тұрғын үй салу бойынша мемлекеттік конкурс жарияланады. Келесі жылы 1000 пәтер пайдалануға берілмек.  2019 жылы бірыңғай типте салынатын 73 жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Басқарманың мәліметінше, олардың барлығын «7-20-25» бағдарламасы бойынша саудалауға мүмкіндік те бар.  Бүгінгі күні облыс орталығында тұрғын үй кезегінде 25 мың адам тұр, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да 50 мың салымшының шоты бар.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Қанат Әбілқайыр

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:33

Ең қысқа әңгіме. Арман Әлменбет

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:26

Күлкі керуені № 2

Руханият • Бүгін, 10:27

Қылқаламның ұшында – Қарағанды

Руханият • Бүгін, 09:48

«Қоянқасқа» тұлпар топ жарды

Руханият • Бүгін, 09:11

Қазақ дастарқанынан дәм татты

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Баянғали туралы баян

Руханият • Бүгін, 08:52

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Бүгін, 08:31

Жаңаөзенде жаңа жоба басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:24

Тағзым мен тағылым тоғысқан той

Руханият • Бүгін, 08:19

Экономикада тұрақты өсім бар

Экономика • Бүгін, 08:06

Краудфандинг қазаққа да жат емес

Қазақстан • Бүгін, 08:00

Ұқсас жаңалықтар