Саясат • 09 Қазан, 2018

Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының қаулысы

618 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2018 жылғы 5 қазанда болған Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы

Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының қаулысы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық  заңының 12,  44  пен 81-баптарына сәйкес және 2018 жылғы 5 қазанда болған Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Шымкент қалалық сайлау комиссиясының қоса беріліп отырған хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  • 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау болды деп танылсын.
  • 2. Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайланған депутаттары болып есептелсін:                                            - 2014 жылғы 1 қазанда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзіміне Дархан Амангелдіұлы  Сатыбалды;                                                                                                                                                                                                    - 2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты  депутаттарының өкілеттік мерзіміне Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров.
  • 3. 2018 жылғы 5 қазанда болған Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыға қосымшаға сай жариялансын.

Төраға Б.Имашев

  Хатшы С.Мұстафина

Астана қаласы  2018 жылғы 8 қазан  №18/211