Білім • 09 Қазан, 2018

Педагог мәртебесі биіктейді - Алтынбек Нухұлы

317 реткөрсетілді

Президенттің жыл сайынғы халыққа Жолдауы – республиканың әрбір тұрғыны үшін маңызды оқиға. Әркім онда өзі үшін маңызды бағытты табады. Биылғы жылдың Жолдауы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері мен қазақстандықтардың әл-ауқатын әрі қарай арттыру бойынша міндеттерге арналған. Бұл нақты тәжірибелік істердің бағдарламасы, сөз жоқ, барлық қазақстан­дықтарға, соның ішінде бірінші кезекте, бізге, зиялы қауымның алдыңғы шебінде тұрған педагогтерге қатысты. 

Елбасы Жолдауы барша ұстаздар қауымын қуанышқа бөледі. Еліміздің тарихында алғаш рет «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданатын болады. Бұл – әрбір педагогтің әл-ауқатына тікелей қатысы бар нағыз тарихи оқиға. Бүгінгі білім беру жүйесіндегі барлық техникалық жаңалықтар жағдайында мұғалім тұлғасы білім беру үрдісінің негізгі түйіні болып табылады. Бұл зор жауап­кершілік жүктейді, себебі білім берудің уақыт талабы мен заманауи экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін деңгейін қамтамасыз етуі тиіс тұлға – мұғалім. 

Президент білім берудің жаңа сапасына баса назар аударды. Біз, педагогтер қауымы, Президент саясатын қол­дай­мыз. Біздің білім беру жүйеміз әлем­дік стандарттарға сәйкес келіп, нақты же­тістіктерге жететін әрі Қазақстанды жаңа деңгейге шығаратын заманауи ұрпақ тәрбиелеуі үшін түбегейлі өзгеруі керек. Қазіргі жағдайда білім беру жүйесі, соның ішінде жоғары білім бұрынғы үлгіде жұмыс істемеуі тиіс. Жаңа Жолдауда Елбасы білім беру жүйесінің жақын арадағы мақсаттарын нақты көрсетіп, мұғалімдерге білім беру қызметтерін ұсынуда одан да жоғары көрсеткіштерге жету үшін бағдар берді.

Президенттің жыл сайынғы халыққа Жолдауы еліміздің бірнеше жыл ішіндегі даму бағытын, ырғағын анықтайтыны шүбәсіз. Біз Елбасымыз таңдаған жолдың дұрыс әрі мақсатқа бағытталғанын анық көріп тұрмыз. Қарқынды түрде өзгеріп жатқан қазіргі әлемде көп нәрсе бізге, педа­гогтерге байланысты. Біз оңтайлы еңбек ету керектігін, сөйтіп әрбір қазақстандық өз әл-ауқатына қол жеткізетіндігін түсінеміз. 

Біз бәріміз де Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының куәгерлеріміз. Ширек ғасырдан астам уақытта Қазақстан нағыз егемендікке қол жеткізіп, мемлекеттің нығаюы мен гүлденуіне бағытталған беталыстан бұрылмай, нық қадам басып келе­ді. Мемлекет саясатының басты бағыты әрдайым еліміздің болашағы – жастарды қолдау болып келді: олардың білім, баспана алу, жұмысқа тұру жағдайлары ұдайы назарда болды. Бұл өзгерістер туралы Президент бірнеше рет айтты, енді бұл сөздер әрі қарай тәжірибе жүзінде іске асуда. 

Елбасы Жолдауы жаһандық сын-тегеуріндерді еңсерудің жаңа жолдары мен мүмкіндіктерін анықтайды. Белгіленген міндеттерге қол жеткізуде бар күшті шоғырландыру халықтың өмір сүру деңгейін бірнеше есе арттырып, мемлекетті жаңа даму жолына шығара алады. Президентіміздің жетекшілігімен еліміздің алдағы жылдарға арналған барлық басым даму міндеттері табысты іске асатындығына еш күмәніміз жоқ.

Алтынбек НУХҰЛЫ, 

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ашық аспан астында - пианинолар

Аймақтар • Бүгін, 15:52

Медицина цифрландыруды таңдайды

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Ашықтықтың артықшылығы көп

Аймақтар • Бүгін, 09:49

Құттықтаулар легі жалғасуда

Қазақстан • Бүгін, 09:46

Әлкей Марғұлан мұралары

Қазақстан • Бүгін, 09:42

Түлен түрткен түс

Аймақтар • Бүгін, 09:37

Сабыр түбі – сары алтын

Қоғам • Бүгін, 09:21

Құлманбетовтің қызыл алмалары

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Қолқаны қапқан иістен құтыла ма?

Аймақтар • Бүгін, 09:16

Сырттан қаржы тарту қарқыны үдеді

Қазақстан • Бүгін, 09:14

Ұқсас жаңалықтар