Медицина • 09 Қазан, 2018

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт жасасқан жеке клиникалар көбейді

285 реткөрсетілді

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 549,8 млрд теңге төледі, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

«8 қазандағы мәлімет бойынша, қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 549,8 млрд теңге төленді. Бұл жалпы Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 70 пайызын құрайды», деді МСҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Жақсылықова.

ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын қор емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы – 785,8 млрд теңге.

«Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», деді Б.Жақсылықова.

Бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша 1379 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 627-сі – жеке меншік. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 166-ға көбейген. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы 2 есеге артып, 120,2 млрд теңгені құрады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Қанат Әбілқайыр

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Арман Әлменбет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 2

Руханият • Кеше

Баянғали туралы баян

Руханият • Кеше

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар