Медицина • 09 Қазан, 2018

Д.Қайдарова, онколог: Обырды ерте анықтап, өршуіне жол берілмейді

482 реткөрсетілді

Қазіргі таңда қатерлі ісіктен көз жұматындар жүрек-қантамыр ауруларынан кейін  екінші орында тұр. Жыл сайын әлемде 8,7 млн адам онкологиялық ауруларға шалдықса, бұл көрсеткіш Қазақстанда 35 мыңға жуықтайды екен. Ресми деректерге сүйенсек, елімізде жаман аурудың сүт безі, тері, өкпе, асқазан, жатыр мойны, тоқ ішек, тік ішек және қандағы (гемобластоз) түрі көптеп кездеседі. Алайда дәрігерлердің күш-жігерінің арқасында Қазақстанда онкологиялық аурулардың өлім деңгейі біртіндеп төмендеп келе жатқанын айтқан еліміздің бас онкологы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры,  академик Диляра Қайдарова: «ендігі міндетіміз – ұзақ өмір сүруге жағдай жасау  және қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау», дейді.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналатынын атап өткен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «2019 жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысын бастау керек» деген болатын. «Елімізде онкология бойынша заманауи жабдықтармен жабдықталған орталық құру қажеттілігі туындағаны рас. Бұл көптеген адамдардың өмірін құтқаруға көмектеседі. Астанадағы жаңа Ұлттық онкологиялық орталықтың құрылысы біз үшін өте маңызды және үлкен міндеттерді жүктейді», дейді еліміздің бас онкологы Диляра Қайдарова.

Биылғы жылы Үкімет 2018-2022 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрестің кешенді жоспарын қабылдады. Келесі жылдан бастап медициналық көмектің сапасын арттыруға, онкологиялық диспансерлер жабдықталу паркін жаңартуға қосымша 35 млрд теңге бөлінбек.

«Біз Қазақстанның барлық өңірлеріндегі онкологиялық мекемелердің жағдайына аудит жүргіздік. Кейбірінде жабдықтар мен жаңа технологиялар жеткіліксіз. Мұның бәрі мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында шешіледі. Біз Америка, Жапония, Еуропа, Оңтүстік Корея сияқты елдердің тәжірибесін зерттедік. Осы елдердің барлық озық технологияларын, соның ішінде молекулалық генетикалық зерттеулерін Қазақстанға енгізгіміз келеді. Әсіресе сүт безі обырының және колоректальды қатерлі ісік ауруларын ерте диагностикалау әдістерін жетілдіруіміз керек. Астанадағы жаңа Ұлттық онкологиялық орталықта жыл сайын 8 мыңға жуық пациент емделетін болады. Осы арқылы еліміздегі ғана емес, көрші мемлекеттерден келген науқастарды қабылдап, медициналық туризмді дамытуға да мүмкіндік аламыз», дейді ол.

Елімізде онкологиялық ауруларды емдеуге жыл сайын бюджеттен 36 млрд теңге бөлінеді. Бұдан бөлек 4 миллиардқа жуық теңге тегін онкоскрининг жүргізуге жұмсалады. Қазіргі таңда тегін онкосринингтің 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдердің сүт безі қатерлі ісік скринигі, 50 мен 70 жасқа дейінгі әйелдер мен ерлер арасындағы колоректальды қатерлі ісік скринингі және 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдердің жатыр мойын қатерлі ісік скринингі сияқты үш түрі бар. Мұның барлығын емханалар тегін жүзеге асырып келеді.

Сондай-ақ, Елбасы өз сөзінде онкологиялық ауруларды емдеуде иммунотерапияны енгізу қажеттігін атап өтті. Жақында медицина бойынша Нобель сыйлығы қатерлі ісік иммунотерапиясының жаңа әдісін ойлап тапқаны үшін жапониялық профессор Тасуко Хонджо мен америкалық профессор Джеймс Эллисон берілді. «Қазіргі таңда аурудың өршуіне жол бермейтін дәрі-дәрмектер ойлап табылған. Нобель сыйлығының лауреаты жапондық профессор Тасуко Хонджо баяндама жасаған халықаралық конференцияда болдым. Оның айтуынша, иммунды емдеудің арқасында 2020 жылы біз онкологиялық ауруларды емдей аламыз және бұл ауру созылмалы аурулар санатына енеді. Өкінішке қарай, біз онкологиялық ауруларды тоқтата алмаймыз. Бірақ осының арқасында адамның өмірін ұзарта аламыз», дейді академик Диляра Қайдарова.

Майгүл СҰЛТАН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Бүгін, 12:13

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Бүгін, 12:01

Күлкі керуені

Руханият • Бүгін, 11:14

Екі қола медаль еншіледі

Бокс • Бүгін, 09:57

«Барыстың» қарқыны қатты

Хоккей • Бүгін, 09:52

Кипрді де жеңе алмадық...

Футбол • Бүгін, 09:51

«Қара алтынды» қапысыз ағызған

Қазақстан • Бүгін, 09:44

Қыз әулие

Руханият • Бүгін, 09:34

Қайталанбас қымыз дәмі

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Рухани жаңғырған ауыл

Руханият • Бүгін, 09:28

Екіжақты келісімге қол қойылды

Қазақстан • Бүгін, 09:26

Тәлім мен тәжірибе ұштасқан ұя

Қазақстан • Бүгін, 09:10

Жамбылдықтардың жарқын жобасы

Аймақтар • Бүгін, 08:36

Түгел түркіні түгендеген

Әлем • Бүгін, 08:20

Кей өңірлерде ауа райы өзгереді

Аймақтар • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Иесіз зындан. Дидар АМАНТАЙ

Ең қысқа әңгіме • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы

Ең қысқа әңгіме • 12 Қазан, 2019

Сенаторлар сенбілікке шықты

Қазақстан • 12 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар