Әдебиет • 10 Қазан, 2018

«Қорқыттың даналық сөздері» кітабы үш тілде шығарылады

676 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қорқыттың даналық сөздері» кітабы қазақ, орыс және ағылшын тілінде шығарылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз-конференциясында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов айтты.

«Қорқыттың даналық сөздері» кітабы үш тілде шығарылады

- Қызылорда облысындағы тарихи және мәдени ескерткіштер телеатласы мен өңір тарихы туралы электронды оқулық немесе жинақ әзірленеді. Бұл жоба бойынша бейнемұрағаттарда сақталған Сыр өңірінің тарихына, тарихи-мәдени ескерткіштеріне қатысты түсірілімдер, деректер жинақталып, сонымен бірге, аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығы облыста орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер мен орындар, өмір сүрген тарихи тұлғалар, батырлар мен шайырлар, жыраулар, т.б. туралы ел аузында жүрген әңгімелер мен аңыздарды жинақтап, бейнематериалдар әзірлейтін болады, - деді басқарма басшысы.

Кітапқа Сыр өңірі туралы Америка және Еуропа елдерінен жиһанкездер, ғалымдар архивке тапсырған тың деректері егізіледі. Бұл құнды деректер бұрын еш жерде жарияланбағандарымен де құнды болмақ.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы