Өнер • 11 Қазан, 2018

Арқайым суреттері арқада сөйлейді

432 реткөрсетілді

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Арқайым – қалалар елі: кеңістік пен бейнелер» деп аталған халықаралық фотокөрме ашылды. Шараны фотограф, «Аrarat» халықаралық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Еуропа жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі Юрий Зуйков және Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, «Аrarat» халықаралық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ирина Журавлева ұйымдастырды.

Ресейдің Челябі облысы аумағында орын тепкен, қола дәуірдің бірегей археологиялық ескерткіші ретінде танылған Арқайым қалашығының ашылғанына былтыр 30 жыл толған болатын. Аталған көрме осы датаға және профессор, тарих ғылымдарының кандидаты, археолог Геннадий Здановичтің 80 жылдығына арналды.

– Бізге Алматыдағы әріптестеріміз қоңырау шалып, ұйымдастырушылардың осы көрмені Қарағандыда көрсеткісі келетіндерін жеткізді. Біз ол бастаманы қолдадық. Негізі, қола дәуірі Орталық Қазақстаннан бастау алады. Бізде де Арқайым секілді тарихи қоныстар бар.  Мысалы Кент, Ақсу-Аюлы, Беғазы, – дейді облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Ержан Нұрмағанбетов.

«Арқайым – қалалар елі: кеңістік пен бейнелер» экспозициясы көрермендерді «арийлік заттар кешенімен» таныстырады. Оны әлемнің көптеген елдерінің археологтары 150 жылдан астам уақыт бойы іздеген.

Фотокөрмедегі стендтерде «Қалалар елі» ескерткіштерінің географиялық орналасуы, нығайтылған және нығайтылмаған қоныстардың әуеден түсірілген фотосуреттерінің құпиясы ашылған материалдары, археологиялық қазба жұмыстарының түрлі кезеңдеріндегі фотолары, тұмса табиғаттың және 14 нығайтылған қоныстың заманауи дала жағдайындағы авторлық суреттері көрініс тапқан.

– «Қалалар елі» деген термин зерттеу басталғаннан-ақ қалыптасқан болатын. Ол Оңтүстік Оралдағы және Солтүстік Қазақстанның бір бөлігіндегі нығайтылған 20-дан астам қоныстан тұрады. Қарағандыдағы фотокөрмеміз Геннадий Здановичтің 80 жылдығына арналды. Ол Арқайым әлемін ашқан, «Қалалар елі» терминін ойлап тапқан адам. Қазіргі уақытта ғалым Арқайым зерттеулерін қорытып, монография жазып жүр. Көрме оның монографиясының атауымен аталады. Арқайым – «Қалалар елінің» бір бөлігі, киелі жер, – дейді көрме ұйымдастырушыларының бірі, фотограф Юрий Зуйков.

Жалпы, экспозиция барлық жастағы көрермен үшін қызықты болмақ.  Көрмені араламас бұрын келушілер археолог Геннадий Здановичтің 1996 жылы түсірген 30 минуттық деректі фильмін тамашалай алады.

Айта кету керек, археолог Геннадий Борисович Зданович 1972-76 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінде аға оқытушы болып жұмыс істеген. Қазіргі таңда ол Челябі мемлекеттік тарихи-мәдени «Арқайым» қорығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары болып қызмет етеді.

Ал көрменің есігі келем деушілер үшін 4 қарашаға дейін ашық болады.

 

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Қанат Әбілқайыр

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:33

Ең қысқа әңгіме. Арман Әлменбет

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 11:26

Күлкі керуені № 2

Руханият • Бүгін, 10:27

Қылқаламның ұшында – Қарағанды

Руханият • Бүгін, 09:48

«Қоянқасқа» тұлпар топ жарды

Руханият • Бүгін, 09:11

Қазақ дастарқанынан дәм татты

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Баянғали туралы баян

Руханият • Бүгін, 08:52

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Бүгін, 08:31

Жаңаөзенде жаңа жоба басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:24

Тағзым мен тағылым тоғысқан той

Руханият • Бүгін, 08:19

Экономикада тұрақты өсім бар

Экономика • Бүгін, 08:06

Краудфандинг қазаққа да жат емес

Қазақстан • Бүгін, 08:00

Ұқсас жаңалықтар