Қазақстан • 12 Қазан, 2018

Алматы облысындағы екі басқармаға жаңа басшы тағайындалды

82 реткөрсетілді

Алматы облысы әкімінің өкімімен Айдар Беркімбаев облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының және Данияр  Әлімбаев облыстық қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Алматы облысының баспасөз қызметі. 

Айдар Чарлзұлы Беркімбаев 1970 жылы туған. Алматы энергетика және байланыс институтын, «Арна» университетін, Қазақ спорт және туризм акамедиясын өнеркәсіптік жылу энергетигі, тау инженер-геофизигі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, күрес жаттықтырушысы мамандықтары бойынша аяқтаған. Алғашқы еңбек жолын Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Гигант» жеміс-жидек совхозының жұмысшысы болып бастады. Әр жылдарда түрлі жеке құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды, «Алматы электр станциясы» АҚ мердігерлік жұмыстар бөлімінің маманы болды. 2014 жылдың қараша айынан - «Алматы электр станциясы» АҚ-ның бөлім бастығы қызметін атқарған.

Ал Алматы облысы әкімінің өкімімен Данияр Кеңғазыұлы Әлімбаев облыстық қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ол 1977 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң институтын, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін заңгер, экономист мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Алматы облысы Іле ауданындағы «Ремстройтехника» ААҚ-да кеңесші заңгер болып бастаған. Әр жылдарда Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, бастығы, «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі атқару директоратының аппарат басшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі ҚР Премьер-Министрі орынбасарының көмекшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі ҚР Президенті Кеңсесінің бас сарапшысы, Президент Әкімшілігі кадр саясаты бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты, «Айтей» ЖШС заң қызметінің басшысы, Астана қаласындағы «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ кадр қызметі бастығының орынбасары, Алматы облысы әкімінің аппараты заң, мемлекетік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, Алматы облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды. 2018 жылдың қыркүйегінен - Алматы облысы әкімінің көмекшісі болды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Дүние»-бақтың жемісі

Руханият • Кеше

Қаламгер мен Қаһарман

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар