Руханият • 12 Қазан, 2018

Қазақ-қырғыз зиялылары Шерхан Мұртазаны еске алды

98 реткөрсетілді

Ош қаласында өтіп жатқан ІІ қазақ-қырғыз зиялылары форумының екінші жұмыс күні Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаны еске алумен басталды.

Қырғызстан Жазушылар одағының төрағасы Акбар Рысқұловтың бастамасымен форумға қатысушылар бірнеше күн бұрын ғана өмірден өткен заңғар жазушыны бір минут үнсіздікпен еске алды.

Форумға қатысушылар Шерхан Мұртазаның әдебиет пен журналистикадағы айырықша орнын атап өтіп, жазушының қазасы қазақ-қырғызға бірдей екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, бауырлас екі халықтың әдебиеті мен мәдениеті де біте қайнасып жатқанына тоқталды.

Форум барысында қазақ пен қырғызға ортақ тұлғалардың тарихта мол болғаны да айтылды. Атап айтқанда, «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен ұлт жадында сақталған Есім хан бауырлас қос халық үшін де орны бөлек тұлға. Сонымен қатар, 90 жылдығы атап өтіліп жатқан Шыңғыс Айтматовты та қазақ-қырғыз жоғары бағалайды. Жиында екі халықтың тағдыр-талайындағы осындай ортақ жайттар сөз болды. Форум соңында арнайы резолюция қабылданады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар