Қазақстан • 12 Қазан, 2018

Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен «Отандастар» қоры Қамқоршылар кеңесінің отырысы өтті

155 реткөрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен «Отандастар» қоры Қамқоршылар кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жиынға Сенат төрағасының орынбасары Б.Бекназаров, Мәжіліс төрағасының орынбасары В.Божко, Қоғамдық даму министрі Д.Кәлетаев, Қордың президенті Н.Әбіқаев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары З.Тұрысбеков, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Қазақстан бизнесінің өкілдері қатысты.

«Отандастар» қоры Мемлекет басшысының 2017 жылғы маусымда өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайындағы бастамасы бойынша құрылған.

Қордың қызметі шет елдерде өмір сүріп жатқан отандастарды, сондай-ақ Қазақстанға қайтып келген этникалық қазақтарды қолдауға арналған.

Қамқоршылар кеңесі отырысында «Отандастар» қорының міндеттері, қызметі мен даму жоспарлары, сондай-ақ қордың қазіргі жұмыстарына қатысты басқа да мәселелер қаралды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар