Әдебиет • 12 Қазан, 2018

Кемел Тоқаев атындағы сквер ашылды

298 реткөрсетілді

Үштөбе қаласында белгілі қаламгер, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаған жазушы Кемел Тоқаев атындағы сквер ашылды. Абаттандырылған алаңқай жазушының туғанына 95 жыл толуына орай қолданысқа берілді.

Қаратал ауданының орталығы – Үштөбе қаласындағы жаңа сквердің жалпы алаңы 1,4 гектар аумақты алып жатыр. Аумақты гүлдендіріп, көз тартатын көркем алаңға айналдыру үшін алматылық Ж.Жанекенов атындағы жобалау институы мен «Анкор-2005» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі талмай ізденіпті. Саябаққа қылқан жапырақты, декоративті ағаштар мен гүлді бұталар отырғызылып, гүлзарлармен көмкерілген. Адамдардың тыныстауы үшін қолайлы жағдай жасалып, орындықтар қойылған. Жаяу жүргіншілер жолы төселген, жарық шамдары орнатылған. Спорттық және балалар ойын алаңдары бар. Сквер ішіндегі ең құнды алаң  Кемел Тоқаев мемориалы болса керек. Бұл – соғыс ардагері, қоғам қайраткері, әдебиет алыбына қойылған лайықты ескерткіш.

Сквердің ашылуына арнайы келген облыс әкімі Амандық Баталов үштөбеліктерді саялы демалыс орының ашылуы мен және Қаратал ауданының құрылғанына 90 жыл толуымен құттықтады.

- Бүгін көрнекті жазушы-журналист Кемел Тоқаевтың 90 жылдығына орай жаңа сквер ашылды. «Өз елі өз ерлерін ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді», деп Ілияс ақын жырлағандай, өңірімізде топырағында туып-өскен дарынды азаматтардың есімін ардақтау – ортақ парызымыз. Пайдалануға беріліп отырған жаңа сквер көпшілікті бүгінгі ауданның 90 жылдық мерейтойымен бірге қуантып отыр. 1,4 гектар жерді алып жатқан демалыс орнында балалар алаңы мен спорт алаңы да қарастырылған. Сондықтан бұл сквер қараталдықтардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналады деп сенемін, - деді аймақ басшысы өз сөзінде.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Карнегиде ән салады

Руханият • Бүгін, 10:21

«Хат қоржын» (27.06.2019)

Қоғам • Бүгін, 10:18

Арыс, біз біргеміз!

Аймақтар • Бүгін, 09:53

Апатта босанған ана

Аймақтар • Бүгін, 09:36

Газ құбыры құрылысы ойдағыдай

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Салық жүйесі жетілдіріледі

Экономика • Бүгін, 09:28

Зардап шеккендермен кездесті

Аймақтар • Бүгін, 09:27

Кемеңгерлік келбеті

Қазақстан • Бүгін, 09:23

Агросектордың әлеуеті қандай?

Қазақстан • Бүгін, 09:15

Апаттың алдын алу мүмкін бе еді?

Аймақтар • Бүгін, 09:13

«Егеменнің» еңбегі еленген күн

Қазақстан • Бүгін, 09:03

Әрі ақын, әрі жазушы

Руханият • Бүгін, 00:18

Ұқсас жаңалықтар