Өнер • 12 Қазан, 2018

Астанада «Kazakhstan Kids Fashion Show-2018» шоу - көрсетілімі өтті

102 реткөрсетілді

Бүгін Астанада балалардың өз-өзіне деген сенімділігі мен жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған халықаралық «Kazakhstan Kids Fashion Show-2018» шоу - көрсетілімі  өтті.

Биыл «Өз арманыңды қос!» тақырыбымен көрерменге  ұсынылған балалар шоу – көрсетілімін тамашалауға әлемнің 16 елінен сән әлемінің озық мамандары мен белгілі фэшн-сайттар мен журналдардың негізін қалаушылар, сән апталығын ұйымдастырушылары және дизайнерлер арнайы келді. Құрметті қонақтардың қатарында АҚШ, Канада және Еуропа аумағында таралып, 150 миллион сән сайттарының ішінде ондыққа кіретін FNL Network  телевизиялық онлайн-журналының негізін қалаушы және продюсері Rocco Leo Gaglioti, «Gazetta Italia» фэшн-журналының редакторы Sebastiano Giorgi және Mad Mood Milan Fashion Week президенті Marianna Miceli бар.

Қазақтың шапанын жамылып келген FNL Network  телевизиялық онлайн-журналының негізін қалаушы Rocco Leo Gaglioti қазақстандық дизайнерлердің жас бола тұра, аса талантты екеніне таңдасының білдірді: «Біріншіден ұлттық киімдеріңіздің өте әдемі екенін айта кетейін. Маған үстімдегі шапанды осы елге келгенімде қазақстандық "бауырым" Айдархан сыйлады. Мен оның  креативтілігіне тәнті болдым. Ол өз жұмыстары арқылы маған Қазақстанның сән әлемін таныстырды. Осындай тағы бірнеше талантты қазақстандық дизайнерлерді білемін. Сондықтан мен үшін «Kazakhstan Kids Fashion Show-2018» шоу - көрсетіліміне қатысу маңызды болды.»

Қазақстанның түрлі аймағынан келген дизайнерлер қатарында Айдархан Қалиев, Зарина Акшулакова,  Майя Жуманбекова,  Сабина Жанзакова және Вероника Иванченко болды. Ал шетелдік дизайнерлерден Christophe Guillarme (Париж, Франция), Indra Kaffemanaite (Милан, Италия), Екатерина Иванкованың(Флоренция, Италия) топтамалары көрсетілді.

Шоу-көрсетілімде  14 жасар қазақстандық дизайнер Вероника Иванченко алғаш рет өз топтамасын ұсынды:

«Бұл менің дизайнер ретіндегі алғашқы жұмысым. Негізі сән әлемінде 10 жасымнан бері модель ретінде танылдым. Маған дизайнер болуға шабыт берген «Барби» мультфильмдеріндегі «Сән» үйлері еді. Сол кезден өзімнің үлкен сән үйімнің болғанын қаладым. Бүгін «Рони» атты алғашқы коллекциямды таныстырдым. Ерекшелігі, мұнда көше стиліндегі, еркін, жастарға ыңғайлы, заманауи топтамалар ғана болды.»

Жас талант Вероника болашағын да сән әлемімен байланыстыруды жоспарлайды және әлемнің түкпір-түкіпірінен балалар қатыса алатын «Kazakhstan Kids Fashion Show-2018» секілді үлкен шоуларды ұйымдастырамын дейді.

Биыл көрсетілімге 60-тан астам модель қатысты, олар 6 кастингтен өтіп, іріктелген. Қатысушылар қатарында елімізге танымал тележүргізушілер Дана Нұржігіттің, Арай Әлімханның және Жұлдыз Абдукаримованың ұлы бар.

Жас ана, тележүргізуші Арай Әлімханның айтуынша:

«Мұндай ауқымды жобалар балалардың тұлғалық қабілетін арттыруда зор маңызға ие. Себебі кішкентай кезінен белсенді болған балалар ешқашан ынжық, ұялшақ болмайды. Керісінше, олар үнемі көшбасшы болуға, жан-жақты болуға тырысады. Қазір Ануар 5 жаста, сондықтан не үшін, қандай жобаға қатысып жатқанын жақсы біледі. Жоба аясындағы фотокөрмеде ұлым испандық, әлемдік чемпион Рафаэль Надальдың рөлінде болды. Бір мысал, осыдан кейін Ануардың тенниске деген қызығушылығы артып, «мен де чемпион боламын» дей бастады. Мұндай жобаларды мен бір жағынан, тәрбиелік процесс деп есептеймін.»

Ал телевизияда өзінің «дара жолы» бар Дана Нұржігіт:

«Әлімнің биді жақсы көретінін, сахнадан қорықпайтынын осы жобадан кейін аңғардым. Фотокөрмеде британдық сүйікті әншім Джордж Майклдың образында болды. Болашақта да ұлым өнер саласында болады деп ойлаймын» - десе,

Дана ханымның ұлы, Әлім болашақта еліне қызмет еткісі келетін ниетін білдірді: «мен болашақта Президенттің көмекшісі болсам деймін»

Айта кететін жағдай, әлемнің танымал тұлғаларының кейпіне енген қатысушылар фотокөрмесі Еуропалық Одақпен ынтымақтастық аясындағы ірі жоба және бұл ұйымдастырушылар уәде еткен тосынсыйлардың бірі еді.

Халықаралық деңгейдегі мұндай шаралар еліміздің туризм саласын дамытуға да зор үлес қосады.

 Қарлығаш ҚҰРАМЫС,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қайран тілім қор болды-ау!..

Руханият • Бүгін, 10:08

Жаңғырық жайлы хикая

Руханият • Бүгін, 10:05

Қаламның қарагері

Руханият • Бүгін, 10:00

Камбэктің драмалық хикаясы

Спорт • Бүгін, 09:46

Толағайлар неге тоқырады?

Спорт • Бүгін, 09:20

Халықаралық әуежай салынады

Аймақтар • Бүгін, 09:12

Дәстүр білген адаспас

Руханият • Бүгін, 09:07

Ұлт газеті ұлықталған күн

Руханият • Бүгін, 08:58

Ұқсас жаңалықтар