Медицина • 15 Қазан, 2018

Астанада обырды ерте анықтау мен емдеудің жолдары талқыланды

308 реткөрсетілді

Елордада «Қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудегі дараландырған тәсілдеме» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Астана Онкология орталығының ұйымдастыруымен екі күнге жалғасқан ақ халаттылар басқосуында обырдың алдын алу мен емдеу, ерте диагностикалау мен скрининг, емдеудің тың әдістерін енгізу, қатерлі ісікке шалдыққан пациенттердің өмір сапасын арттыру сияқты өзекті мәселелер қаралды.

press.kz

Қазақстанда онкологиялық аурумен есепте тұрғандардың саны 170 мыңдай екен. Ал жыл сайын 36 мыңға жуық адам қатерлі ісік диагнозымен тіркеледі. Бұл көрсеткіштің әр жыл сайын өсіп отырғанын айтқан онкологтар, қазіргі кезде жаман ауруға шалдықтыратын себептердің де көп екенін алға тартады. Тек елімізде ғана емес, әлемде әйелдердің сүт безі қатерлі ісігі алдыңғы орында тұр. Қазақстанда бір жылда 4 мыңнан астам адам сүт безі қатерлі ісігіне шалдықса, 1400-ге жуығы онкологиялық аурудың осы түрінен көз жұмады. Бұдан кейінгі көрсеткішті өкпе обыры көрсетсе, асқазанның қатерлі ісігі де өршіп тұр. Дәрігерлер онкологиялық аурулардың ең басты себептеріне тұқым қуалаушылықты жатқызғанымен, экология мен дұрыс тамақтанбау, салауатты өмір салтын ұстанбау дерттің дендеуіне жол ашып отырғанын айтады.

«Онкология саласындағы жетістіктер диагностикалау мен емдеудің озық инновациялық әдіс-тәсілін енгізумен өлшенетіні белгілі. Қазақстанда адам денсаулығын сақтау мен өмір жасын ұзартуға бағытталған жобалар бар және олар даму үстінде. Біздің орталықтың жыл сайын өткізетін бұл ғылыми форумы игі дәстүрге айналды», деп жиында сөз алған Астана қаласы онкологтар мен радиологтар қауымдастығының президенті, елордадағы Онкология орталығының бас дәрігері Мұхтар Төлеутаев онкологиялық ауруларды ерте анықтаудың жаңа әдістері елімізге де енгізіліп жатқанын жеткізді. «Еліміздің барлық онкологтарымен қоса, шетелден шақырылған ғалымдар әлемдегі онкология саласы бойынша диагностикалау мен емдеудің ең озық әдіс-тәсілдерін өзара бөлісуде. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 5 қазандағы Жолдауында келесі жылы жаңа Ұлттық онкологиялық ғылыми орталық құру керектігін айтты. Елбасы атап өткендей, біз онкология саласын нейрохирургия және кардиохирургия ұлттық орталықтары жеткен биікке жеткізуіміз керек. Бүгінде біздің мекемеде болсын, республика бойынша да онкологиялық ауруды анықтау мен емдеудің жаңа жолдарын мамандарымыз меңгеріп жатыр. Бүгінде обырды ең ерте анықтайтын позитронды эмиссиялық томография (ПЭТ) Астана қаласында үшеу болса, Алматыға бір аппарат қосылды. Облыс орталықтарында да осындай озық аппараттарды қою жоспарланып отыр. Бұған қоса әр онкологиялық диспансерлерге сәулемен емдейтін аппараттардың соңғы түрі жеткізілмек. Бұл біздің халыққа жоғары деңгейде онкологиялық көмек көрсетуімізге мол мүмкіндік береді», дейді  онколог М.Төлеутаев.

Астана қаласы Онкологиялық орталығы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Бақтыбай Оразбеков Онкология бойынша өтетін скринингтің оң нәтижелеріне тоқталды. «Онкологияның бірінші және екінші сатысын емдеу қиын емес, сондай-ақ олар тез айығып кете алады. Үшінші сатысын да емдеуге болады, бірақ оған ұзақ уақыт пен көп қаржы жұмсалады. Ал төртінші сатысы, өкінішке қарай, емделмейді. Сол үшін уақтылы онкоскринингтен өтіп тұру керек. Елімізде тегін онкоскринингтің 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдердің сүт безі қатерлі ісік скринингі, 50 мен 70 жасқа дейінгі әйелдер мен ерлер арасындағы колоректальды қатерлі ісік скринингі және 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдердің жатыр мойын қатерлі ісік скринингі сияқты үш түрі бар. Мұның барлығын емханалар жүргізіп отыр. Мысалы, әйелдердің сүт безінің қатерлі ісігі бұрын үшінші және төртінші сатысы 40 процентке дейін жететін болса, қазір 20% қана. 80 проценті бірінші және екінші сатысында анықталып жатыр. Бұл скринингтің арқасы», деді ол.

Еліміздегі маммолог-онкологтардың білімін жетілдіру және жаңа мамандарды дайындау мақсатында жақында Қазақстан маммологтар ассоциациясы мен «Омырау обырына жол жоқ» қозғалысының президенті, академик Раушан Рақымжанованың бастамасымен Оңтүстік Корея және Ресейдің Мәскеу қаласынан жеті профессор шақырылып, олар Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігі бойынша шеберлік сыныбын өткізген болатын. Жиынға қатысқан профессор сүт безі қатерлі ісігінің жасарып бара жатқанын жеткізді. «Сүт безі обырына шалдығатын әйелдердің саны жылдан жылға артып қана қоймай, жасарып келеді. Біз тек жаңа технологияларды енгізу арқылы ғана бұл дертті ерте анықтап, толық емдей аламыз. Жапония, Испания, Италия және басқа да шетелдерде сүт безі қатерлі ісік скринингінен әйелдер 35 жастан бастап өтсе, бізде 40 жастан басталады. Ал ультра дыбыстық зерттеуді 20 жастан бастап жасату керек. Этникалық ерекшелігімізге байланысты қазақ қыз-келіншектерде омыраудағы өзгеріс ерте болады. Сондықтан бізде де 35 жастан бастаған дұрыс деп есептеймін», дейді Р.Рақымжанова.

Айта кетейік, биыл жетінші рет өткен конференция кезінде ғалымдардың қатысуымен «Жатыр мойны обыры скринингі» шеберлік сыныбы өтті және операцияға қолданылатын құрал-жабдықтар көрмесі ұйымдастырылды.

Майгүл СҰЛТАН,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Бүгін, 08:49

Алаштанушы ғалымның белесі

Руханият • Бүгін, 08:47

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Бүгін, 08:46

Намазалы Омашұлы: Ел шежіресі

Руханият • Бүгін, 08:42

Тараз шаһарындағы тамаша түн

Аймақтар • Бүгін, 08:39

Тұңғыш Тіл форумы өтеді

Қоғам • Бүгін, 08:36

Патриархтың орындалған парызы

Руханият • Бүгін, 08:33

Кедергісіз келешек

Қоғам • Бүгін, 08:31

Жошы ханға ескерткіш орнатылады

Руханият • Бүгін, 08:24

Қазақтардың атқа міну мәдениеті

Қазақстан • Бүгін, 08:22

Еуроны сатып алушылар көбейді

Экономика • Бүгін, 08:20

АQR: 14 банкті «сауықтыру» керек пе?

Экономика • Бүгін, 08:15

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 6

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ұқсас жаңалықтар