Хоккей • 15 Қазан, 2018

«Авангард» айласын асырды

134 реткөрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Астананың «Барысы» кезекті турда Омбының «Авангардынан» 3:5 есебімен ұтылды.

Бұл бәсеке 47 минут бойы аса шиеленісті тартыспен өтті. Сол уақыт аралығында айдын иелері үш мәрте алға шыққанымен, қонақтар көп ұзамай есепті теңестіріп отырды. Атап айтсақ, омбылық Давид Деарне, Сергей Широков және Илья Михеев соққан шайбаларға астаналық Даррен Диц, Мэттью Фрэттин және Дастин Бойд лайықты жауап қайырды. Бірақ ойынның аяқталуына 10 минуттай уақыт қалғанда «қаһарына мінген» омбылық хоккейшілер қатарынан екі рет нысананы дәл көздеді. Бұл голдың авторлары – Алексей Емелин мен Илья Михеев. Осылайша, жерлестеріміз 3:5 есебімен «Авангардқа» есе жіберді. 

Қазіргі кезде ҚХЛ-дың тұрақты біріншілігінің жарыс кестесінде «Барыс» 11 орынды иеленуде. Олар 15 кездесуден кейін 20 ұпайды иеленуде. Голдар айырмашылығы – 57-48. Өзінің келесі бәсекесін елордалық клуб 16 қазанда Екатеринбург қаласында жергілікті «Автомобилистке» қарсы өткізеді.    

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ашық аспан астында - пианинолар

Аймақтар • Бүгін, 15:52

Ұқсас жаңалықтар