Таным • 15 Қазан, 2018

Ақсақал деген атқа кімдер лайық?

610 реткөрсетілді

Қазақ халқының ұғымында «шал», «қария», «ақсақал» деген атаулар атам заманнан бері бар. Алайда осы ұғымдардың ара-жігі ажыратылып, нақты мәні айқындалмаған сияқты. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Шал жасы алпыс-жетпістен асқан ер азамат» делінген. Ал «қарт» ұғымына кімдер жатады? Әлгі аталған сөздікке көз жүгіртсек «Қарт – көрген-білгені мол, көп жасаған кісі» дегенді оқисыз. Олай болса ұзақ ғұмыр кешсе де көрген-білгені шектеулі кісілерді не деуіміз керек сонда? Қазақ ел тағдырын шешуге атсалысқан қарттарды, әулеттің үлкендерін ақсақал деген ғой. Ал бүгінде кімдерді ақсақал деп жүрміз? Үлкен кісілердің бәрін ақсақал деуіміз қаншалықты дұрыс? Қазақ әдеби тілінің сөздігінде «Ақсақал – жасы үлкен, құрметті ер адам, қария» деп түсінік берілген. «Ақсақал – тәжірибесі мол, өз ісінің шебері» делінген.

Енді жоғарыда аталған ұғымдарды ғалым, жазушы, публицист Немат Келімбетовтің түсінігі тұрғысынан бағамдап көрейік. «Мен өзім тек бала-шағасының қамын күйттеп, күйбеңдеп жүрген кісіні шал дер едім де, ал туған ауылының, туған жерінің жоғын жоқтап, қамын жеп, жан-тәнімен қарбаласып жүрген егде жастағы ер азаматты «қария» дегім келіп тұрады, қазақ дейтін тұтас қауымды бөліп-жармай, бүкіл елдің қамын ойлау дәрежесіне дейін көтерілген құрметті қартты ақсақал дегім келіп тұрады» дейді ғалым.

Жоғарыда келтірілген ұғымдарды бү­гінгі күн тұрғысынан зерделесек артық болмас. Қоғамдағы үлкен кісілердің басым көпшілігі өз отбасының қамын ойлап жүретін шалдар қатарына жатады. Бір қарағанда бұл жаман да емес сияқты. Отбасының күйін күйттеп, тырбаңдап еңбек еткеннің несі жаман?! Әрбір отбасының қожасы өз ұрпағының болашағы үшін аянбай еңбек етіп жатса біз де озық елдер қатарына әлдеқашан қосылар едік-ау! 
Қария санатында жүргендер арасында тек өз отбасының ғана емес, өзі тұ­ра­­тын ауылдың қамын ойлап, жоғын жоқ­тайтындар да болған. Ондайлар қазір де бар деп ойлаймын.

Қостанай облысының Тау Құсмұрын аталатын өңірінде қоныс тепкен тағышылар ауылында Ыбырай Қанатбаев деген кісі болды. Колхоздың тыныс-тіршілігіне белсене араласқан адам. Тауарлы-сүт фермасында меңгеруші болды, қырманды басқарды, мал дәрігері болды. Он жылдай колхоз басқармасының мүшесі болып, тексеру комиссиясының төрағасы міндетін де атқарды. Ол жылдары мен сол ауылда мектеп директоры болатынмын. 1963 жылы қуаңшылық болып, егін нашар шықты, жем-шөп тапшы болды. Қарашаның аяғында жекенің малы қолға қарап қалды. Малды әлі де қамысы қалың қопаға апарып бағуға болар еді деп жүрді үлкендер жағы. Алайда ешкім мал бағамын деп суырылып шыға қоймады. Міне, осындай қысылтаяң шақта ел қамын ойлаған Ыбекең қажыр-қайрат көрсетті. Атын ерттеп мініп ауыл малын Құсмұрын көлінің қопасына апарып салды. Сөйтіп 83 жастағы ақсақал ауылдың малын бір ай бойы бағып берді. Жерлестері болса шынайы ризашылықтарын білдіріп, бала-шағаңның қызығын көр, бойыңа дерт бермесін, жүзге жет деп ақ тілектерін айтты. Сөз орайында айта кетейік, Ыбекең елдің батасы қабыл болып 106 жасында дүниеден өтті.
1953 жылдың қыркүйегінде мемлекет басшылығына келген Хрущев халықтан «басы артық малды» тартып алуға кірісті. Осын­дай шақта тағы да Ыбекең ауданнан келген өкілдердің алдына шығып халық сөзін сөйледі. «Біз үкіметтің қаулысына қарсы емеспіз. Бірақ алды-артына қарамай жұрттың малын жаппай жинап алушылармен келіспейміз. Менің де бием бар, алыңдар. Ал қымызын ішіп, соны көлік қылып отын-шөбін дайындап жүргендердің қолындағы биесін алып қою қалар болар екен». Ыбекеңнің осы сөзінен кейін өкілдер ақылға келіп ауылдағы жиырмашақты шал­дың биелерін өздеріне қайтарып береді. Оның алдында аз уақыт үкіметті басқарған Маленков шаруаларға қара мал, жылқы ұс­тауға рұқсат берген ғой. «Маленков берген байталды, Хрущев келіп қайта алды» деген мысқыл өлеңнің де шығып жүргені сол кез болатын.

Осы орайда Ыбырай қарттың тағы бір ісін­ айтуға тура келіп тұр. КСРО Жо­ғар­­­­­ғы Кеңесі 1964 жылы колхоз мүшеле­рі­­­­не зейнетақы және жәрдемақы төлеу туралы қаулы қабылдады. Соған байланыс­ты жергілікті кеңес өз аумағында тұратын үлкен кісілердің тізімін жасап, аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне тап­­­­сыр­ды. Сөйтіп жаңағы шалдарға 12 рубль 50 тиыннан зейнетақы белгіленеді. Сөйтсе құжатта егер колхозда соңғы жы­лы 6 ай жұмыс істесе зейнетақы мол бо­ла­ды деп көрсетілген екен. Содан Ыбе­кең ауылдағы шалдармен ақылдасып, кол­хоздың мал қораларын жөндеу жөнінде колхоз басқармасымен шартқа отырады. Ақыры 6 ай тынымсыз еңбек етіп, кейін еңбегінің зейнетін көрді. Әлгі шалдардың алды 50 рубльге дейін зейнетақы алуға қол жеткізді. Қора жөндеу жұмысына әйелдерге дейін қатысты. Осыдан кейін Ыбекең тағы да ауылдастарының ақ батасына бөле­­н­­ді. Елдің қамын ойлаған, қартайса да қай­раткерлік қарымын жоғалтпаған осындай кісілерді ақсақал деп айтса құба-құп.

Жалпы, жақсы қартая білу де үлкен өнер болса керек. «Жақсы адам қартайса көкірегі толы хат болар, жаман адам қартайса бықсып жанған от болар» деген сөз тегіннен-тегін айтылған жоқ. Көрген-білген тәжірибелерімен бөлісіп, кейінгі жастарға ақыл-кеңестерін бере жүретін үлкендердің ісі әркезде де өзгелер үшін өнеге болуы тиіс. Өкінішке қарай, іс жүзінде күнделікті өмірдегі жағдай дәл біз күткендегідей бола бермейді. Кейбіреулер жасы егде тартса да арақ-шарап ішіп, түрлі ұятты қылықтарға барып, кейінгілерге теріс үлгі көрсетіп жа­­тады. Енді бір шалдардың тірлігі қара бас­тарынан артылмайды. Кейінгі ұрпаққа дұрыс жол көрсетуге мүмкіндіктері жоқ, әйтеуір жер басып жүргендеріне мәз. Тіпті балама жақсы қызмет алып беремін деп әкім-қараларға жалпаңдап, жағымпазданып жүретін де шалдар баршылық. Ондайлар әдетте «ақсақал» деген ардақты атқа кір келтіріп, азын-аулақ беделдерінен айырылады.

Жақсы ғұмыр кешіп, ел-жұрттың алдында абырой-беделге бөлене білген адам қартайдым деп өкінбеуі тиіс. Өйткені ондай адамдардың ісі елдің есінде ұзақ сақталады. 

Қанапия МЫРЗАҒОЖИН,

Қазақстанның құрметті журналисі 

АСТАНА

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Бүгін, 12:13

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Бүгін, 12:01

Күлкі керуені

Руханият • Бүгін, 11:14

Екі қола медаль еншіледі

Бокс • Бүгін, 09:57

«Барыстың» қарқыны қатты

Хоккей • Бүгін, 09:52

Кипрді де жеңе алмадық...

Футбол • Бүгін, 09:51

«Қара алтынды» қапысыз ағызған

Қазақстан • Бүгін, 09:44

Қыз әулие

Руханият • Бүгін, 09:34

Қайталанбас қымыз дәмі

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Рухани жаңғырған ауыл

Руханият • Бүгін, 09:28

Екіжақты келісімге қол қойылды

Қазақстан • Бүгін, 09:26

Тәлім мен тәжірибе ұштасқан ұя

Қазақстан • Бүгін, 09:10

Жамбылдықтардың жарқын жобасы

Аймақтар • Бүгін, 08:36

Түгел түркіні түгендеген

Әлем • Бүгін, 08:20

Кей өңірлерде ауа райы өзгереді

Аймақтар • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Иесіз зындан. Дидар АМАНТАЙ

Ең қысқа әңгіме • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы

Ең қысқа әңгіме • 12 Қазан, 2019

Сенаторлар сенбілікке шықты

Қазақстан • 12 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар