Аймақтар • 15 Қазан, 2018

Ел анасы жайлы еңбек

36 реткөрсетілді

Есімі Жетісу өңіріне әйгілі еңбек ардагері, «Құрмет» орденінің иегері, Алматы облысының құрметті азаматы Бәтима Сақауова жайлы естеліктер жинағы жарық көрді.

Балалық шағы Екінші дүние­жү­зілік соғыс жылдарына тап келіп, еңбекке ерте араласқан Бә­ти­ма Сақауованың колхоздың қарапайым жұмыс­шысынан басталған еңбек жо­лы түрлі партия, кеңес қыз­ме­тін­де басшылық жасауға дейін жет­кізіп, абыройлы ел анасы ата­ну­ға жол ашты. Жетісу өлкесінің қа­­дірменді қариясына айналған Бә­­ти­ма апа былтыр, 92 жасқа қа­ра­­ған шағында дүниеден өткен еді.

Тұсауы кесілген «Бәтима ана» кітабы қария жайлы естеліктер, эсселер, очерктер мен арнау өлең­дер­дің басын біріктірген 5 бөлімнен тұрады. Кітапты өңірдің танымал журналисі, «Егемен Қазақстан» газетінің ардагері Күмісжан Байжан құрастырды. Ал оның жарық көруіне Мәжіліс депутаты Серік Үмбетов мұрындық болды.

– Ғибратты ғұмыры ел жадынан орын алып, жұртшылықтың жүрегінде мәңгілік өшпестей жатталып қалған Жетісудың азаматтары көп. Солардың бірегейі көзі тірісінде Жетісу жұртының ардақты анасы атанған Бәтима Есболатқызы Сақауова. Ол жайлы кітапта өңіріміздің өр­кендеп өсуіне өлшеусіз үлес қосқан Бәтима апамыздың көпке үлгі боларлық өнегелі өмірі мен биік адамгершілік қасиеті, жо­ғары ұйымдастырушылық қа­білеті туралы жан-жақты айтылады, – дейді облыстық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Башбаев.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар