Аймақтар • 15 Қазан, 2018

Ұшқындағы үшем

1213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ұшқындағы үшем

Тіл-көзден сақтасын дейік, Түркіс­тан облысында үшемдер қатары арта түсуде. Сарыағаш ауданындағы Ұш­қын ауылының тұрғыны Ұлжалғас Бақтыбаева екі ұл және бір қызды дүниеге әкелді.

Шымкентегі №1 перинаталдық орталықта өмірге келген үшем туралы ақпаратты облыстық денсаулық сақ­тау басқармасы апта өткен соң жа­рия етті. Оған себеп те жоқ емес екен, ана мерзімінен ертерек босанған. Дәрігерлер нәрестелерді бір апта бақы­лауда ұстапты. Үшемді дүниеге әкеліп, сегіз баланың анасы болған Ұлжалғас перзентханадан аман-есен шықты. Өмір есігін жаңа ашқан Айберік, Бай­серік және Гүлсімнің бес аға-әпке­сі бар. Перинаталды орта­лықтың дәрігер­лері нәрестелер мен балабақшада тәр­биешінің көмекшісі болып жұмыс іс­тейтін Ұ. Бақтыбаеваның денсаулық жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы