Қазақстан • 15 Қазан, 2018

«Ұстаз мәртебесі туралы» заңды әзірлеуге салалық кәсіподақ белсенді түрде атсалысады

401 реткөрсетілді

Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауы бүгінгі таңда әрбір қазақстандық үшін басты бағдар екенін атап өткеніміз жөн.

Нұрсұлтан Назарбаев  Жолдаудың күн тәртібіне еліміздің экономикасын арттыруға бағытталған жаңа міндеттерді шығарып, қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты басымдыққа айналуға тиіс екеніне ерекше екіпн берді. Жолдауда білім беру саласына қатысты жүктелген міндеттер Салалық кәсіподақ жұмысы мен ұстаздар  қауымынаы үлкен серпін берді деп нық сеніммен айта аламын.

Ел тарихында бұрын-соңды болмаған білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына бөлінетін қаржыны алдағы 5 жылда  ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу бастамасы бізді ерекше қуанытп отыр. Себебі бұл бастама арқылы әлеуметтік саланы айтпағанда экономика ширап, миллиондаған қазақстандық отбасының әл-ауқаты артады. Себебі ұстаздар мен білім беру жүйесіне әрбір отбасының әрбір қазақстандықтың қатысы бар десем қателеспеспін. 

Көптен бері алаңдатып жүрген мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі өзгерту тапсырмасы да  қуантарлық жайт. Бұл дегеніміз мектепке дейінгі білім берсу саласында  біліктілік талаптары мен оқыту әдістемелері, тәрбиешілер мен балабақшадағы өзге де  қызметкерлердің еңбек ақы төлеу жүйесі қайта қаралады деген сөз. Бұл өзгерістер де миллиондаған  жас маманның, көптеген отбасының  әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына жол ашатыны сөзсіз.

Жолдаудың білім саласына қатысты маңызды тұсу деп, президенттің  орта білім беру жүйесіндегі реформалрды тоқтатуға тапсырмасын айтар едім. Себебі өткен бірнеше жылда бұл салада онсыз да көптеген өзгерістер болды.  Жаңа білім беру стандарты мен орта білім мазмұны қайта қаралды. Енді мемлекет басшысы орта мектептерге  Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесімен мен әдістемесін енгізуді тапсырды.  Бұл осыған дейін басталған реформалардың қорытындысы ретінде болуы керек деп есептеймін.

Орта білім беру жүйесіндегі ең ауқымды түйіткілдердің бірі – үш ауысымды және апатты мектептер екені белгілі. Президент бұл мәселенің ш түбегейлі шешетін кез келгенін айтты.   Елдегі  127 үш ауысымды мектеп пен 44 апатты мектептердің проблемаларын шешу үшін Үкіметке алдағы үш жылда бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге бөлу  туралы тапсырмасы  бұл мәселені шешуге толық жетеді деп ойлаймын.  Жолдаудағы ұстаздар қауымына арналған ең маңызды үндеу деп «Ұстаз мәртебесі туралы» заң қабылдау бастамасын  айтуға болады. Мұндай құқықтық құжат бізде болған емес. Сондықтан ұстаздар қауымы бұл заңнан үлкен үміт пен кең қолдау күтеді. Мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекеме қызметкерлеріне арналған  кәсби игіліктер мен  оларға қатысты жөнсіз тексерістерді, міндетіне жатпайтын функцияларды орындауға тиым салатын заңның келесі жылы қабылданатыны бізді тек қуантады. Заң жобасын жасақтау үшін  ҚР білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған жұмыс тобына біздің салалық кәсіподақ мүшелері де енеді. Біздің бұл заң жобасына ұсынатын көптеген нормаларамызы бар.  Қазір оларды ұстаздар қауымымен, заңгерлермен талқылау жұмыстары басталып кетті.

Мемлекет басшысының жоғарыда аталған барлық қойған міндеттері мен тапсырмалары өте өзекті. Бүгін де біздің мұғалімдеріміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы қаншалықты артса, соншалықты еңбектегі тиімділігі мен маңызды шешімдер қабылдауда өзінің оң нәтижелерін береді. Мұғалім кәсібінің мәртебесі мен имиджін арттыра білсек, сонда ғана қойылған міндеттер мен тапсырмаларды орындауға қабілетті боламыз.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы Мемлекет басшысының Жолдауын, барлық саладағы қазақстандық қоғамның модернизациялануына бағытталған бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін толықтай қолдап, оның жүзеге асырылуына барынша атсалысады.

Майра АМАНТАЕВА,

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Қанат Әбілқайыр

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Арман Әлменбет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 2

Руханият • Кеше

Баянғали туралы баян

Руханият • Кеше

Жаңа аялдамаға жаны қас

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар