Әлем • 15 Қазан, 2018

Өзбекстанда импорт өсіп, экспорт көрсеткіші төмендеді

102 реткөрсетілді

2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 23 миллиард долларды құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы нәтижеден 17,2%-ға көп, деп хабарлайды «Trend» ақпараттық агенттігі Өзбекстанның мемлекеттік статистика комитетіне сілтеме жасап.

Статистика комитетінің мәліметінше, жалпы айналымның 9,4 миллиард доллары экспортқа, ал 13,7 миллиард доллары импортқа тиесілі. Сыртқы сауда сальдосы бұл жылы 4,3 миллиард долларға тең. Бұл көрсеткіштен экспорттың 0,4%-ға, импорттың 33,3%-ға төмендегенін көруге болады.

2018 жылы сыртқы сауда айналымындағы ТМД елдерінің үлесі 38,6%-ға тең. Өзбекстанның сыртқы саудадағы негізгі серіктестері Қытай (4,43 млрд. доллар), Ресей (4,18 млрд. доллар), Қазақстан (2,14 млрд. доллар), Түркия (1,52 млрд. доллар) және Оңтүстік Корея (1,29 млрд. доллар) елдері болып отыр.

Экспорт жалпы тауар айналымының 75,9%-ын құрайды. Оның 20,2% энергия тасымалдау мен мұнай шикізаттары, 8,8% азық-түлік өнімдері, химиялық тауарлар 78,3% құрайды.

Биылғы жылғы қызметтер экспортының көлемі 2,26 млдр доллар. Ол жалпы экспорт көлемінің 24,1%-ын құрайды. Осылайша, биыл шетелдік қызметке жүгіну былтырғы жылға қарағанда 21,9%-ға көбейгенін байқаймыз. Ал қызметтер импорты 1,66 млдр долларға бағаланған. Бұл жалпы импорт көрсеткішінің 12,1%-ын құрайды.

Өзбекстаннан экспорттаушылар көшін Қытай мен Ресей бастап, қызметтер мен тауарлардың экспортының 37,1%-ын иемденіп отыр. Ресей, Қытай, Қазақстан, Оңтүстік Корея мен Түркияға импортталған тауарлар бағасы 8,36 млрд долларға бағаланған.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар