Әлем • 15 Қазан, 2018

Брексит: келісімге қол жетпеді

236 рет көрсетілді

Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуына байланысты Брюссель мен Лондон бірқатар маңызды мәселелер бойынша келісімге қол жеткізе алмай отыр. Бұл туралы жексенбі күні өзінің твиттерінде Мишель Барнье жазды: «Біз бүгін Доминик Раабпен және британдық келіссөзшілер тобымен кездестік. Барымызды салсақ та, бірқатар өзекті мәселелер әлі де шешілмеді. Оның ішінде Ирландия шекарасы жайлы мәселе де бар».

Естеріңізге сала кетсек, екі жақ келісімге келді деп ақпарат тарағаннан кейін, екі тарап мұны жоққа шығарды. Еуроодақ құрамында қалатын Ирландия мен Еуроодақтан Ұлыбританиямен бірге шығатын Солтүстік Ирландия арасындағы шекара мәселесі Брексит шарттарын талқылау барысындағы ең өткір мәселе болып қала бермек.

AFP агенттігінің мәліметінше, бұл мәселе бойынша алдағы келіссөздер сәрсенбі күні кешке басталатын ЕО саммитіне дейін нақтыланбайды.

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық болмысты кестелеген...

Руханият • Бүгін, 18:27

Елордада карантин ұзартыла ма?

Аймақтар • Бүгін, 16:35

Әлемдік экономика реформаланады

Экономика • Бүгін, 16:14

Шығыс Қазақстанда жер сілкінді

Аймақтар • Бүгін, 15:15

Бас қала тарихы қамтылған көрме

Руханият • Бүгін, 13:36

260 науқас реанимацияда жатыр

Қазақстан • Бүгін, 11:50

Шекарада шектеу бар

Қазақстан • Бүгін, 11:13

Сөйле, сурет!

Қазақстан • Бүгін, 07:17

Жаһанға жұртын танытқан

Елбасы • Бүгін, 07:10

Тағы да уақытша тоқтатылды

Спорт • Бүгін, 07:07

Ұқсас жаңалықтар