Президент • 15 Қазан, 2018

Мемлекет басшысы Ақтөбедегі «Аяла» балаларды сауықтыру орталығына барды

40 реткөрсетілді

Елбасы церебральді сал ауруымен, аутизммен, нейро-ортопедиялық патологиямен ауыратын балаларға арналған заманауи технологиялар мен стандарттары бар әлеуметтік-психологиялық және медициналық оңалту бағдарламаларымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа «Бақытты бала» облыстық жобасының жүзеге асырылу нәтижелері жөнінде мәлімделді. Жоба аясында ерекше мұқтаж балалар үшін арнайы коррекциялық балабақша, психологиялық және медициналық-педагогикалық консультация беретін орындар, «Күншуақ» балаларды сауықтыру лагері ашылды. Аудандардағы психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеттері және Ақтөбе қаласының орта мектептерінде инклюзивті білім беру ісін дамыту жөніндегі ресурсты кабинеттер жасақталып, жұмыс жүргізуде.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Ақтөбе мыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салған орталық Швейцария, Чехия, Польша және Ресейдің заманауи құралдарымен жабдықтаған.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар