Қазақстан • 16 Қазан, 2018

Орнықты дамудың бағдары - Тадеуш Шозда

220 реткөрсетілді

Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаевтың биылғы 5 қазанда ел халқына арнаған «Қа­зақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауымен зор ықыласпен танысып шықтым.

Аталған құжат қоғамдағы бар­лық адамдардың игілігін көздей­тін­дігімен құнды. Онда 2019 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап ең тө­менгі жалақыны бірден 1,5 есеге өсіру қажеттігі атап көрсе­тіл­ген. Бұл елдегі 1 млн 300 мың адамның еңбекақысына тіке­лей қатысты. Бұл шараны Қа­зақстанның 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу бағытындағы стратегиялық мақсатын жүзеге асырудағы маңызды қадам деп есептеймін.

Жолдауда адамның өмір сүру деңгейін арттыруды көздейтін мақсат-міндеттер нақтыланған. Осы орайда қауіпсіз өмір сүру, бас­пана, сапалы білім алу, ден­сау­лық сақтау салаларының қол­жетімділігі маңызды болып табылады. 

Халықтың сұранысын қана­ғат­тандыруда, азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруде заманауи, кәсіби мемлекеттік аппараттың рөлі ерекше. Осыған байланыс­ты Жолдауда мемлекеттік орган­дардың тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, формализм мен бюрократия­ны азайту, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа тә­сіл­дерін қолдану сынды мәсе­лелер орынды көтерілген.

Ел алдына қойылған басты мін­дет­терді жүзеге асыруда тиімді сыртқы саясаттың маңызы зор. Сондықтан Жолдауда атап көрсетілгендей, қазіргі күр­делі жағдайда Қазақстан Рес­пуб­ли­касының сыртқы сая­саты бейім­делуді жəне ұлттық мүддені праг­матизм қағидаттарына сəйкес ілгерілетуді талап етеді. 

Əрбір қазақстандық жүргізіліп жат­қан реформалардың мəнін жə­не олардың елді өркендету жо­лын­дағы маңызын жете түсінуі тиіс.

Жолдаумен танысқан әрбір адам онда көтерілген әрбір мә­селені еңсеру жолдарының ег­жей-тегжейлі әрі кешенді түрде зер­деленгенін анық аңғарады. 

Мені көлік саласының маманы ретінде Қазақстандағы тасымал саласына қатысты көрсеткіштермен атқарылған жұмыстар қы­зық­­тырады. Соңғы жылдары Қазақ­станда «Нұрлы жол» бағдар­лама­сының арқасында респуб­ликалық маңызы бар инфра­құ­рылым қалыптасты. 2015 жылдан бастап 2400 шақырым автомобиль жолы салынды жəне қайта жөнделді. Бұл жұмыстар жалғасуда.

Қорыта айтқанда, Жолдаудан туын­дайтын әлеуметтік-эко­но­микалық мақсат-міндеттерді орындауда Қазақстан халқына және Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тек табыс тілеймін.

Тадеуш ШОЗДА,

Темір жол ынтымақтастық ұйымы комитетінің төрағасы (Польша)

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Алматы еліміздің мәдени орталығы

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Жаңаөзенде «Баста» форумы өтті

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Алғашқы күні жүлде бұйырмады

Спорт • 18 Қазан, 2019

«Алтын бутса» иесі атанды

Спорт • 18 Қазан, 2019

Тағы овертаймда ұтылды

Хоккей • 18 Қазан, 2019

Жәнияның жұлдызы жарқырады

Руханият • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар