Аймақтар • 16 Қазан, 2018

Қостанайда ұрланған малдың 60 проценті иесіне қайтпайды

60 реткөрсетілді

Жыл басынан бері облыс өңірінде 538 бас  мал ұрланған. Соның 215 басы ғана, яғни 39,9 проценті табылып, иесіне қайтарылған. Қалған 60 процентінің ізі суып, табылмай кеткен. Шұғыл іздестіру шаралары көрсеткендей, жоғалған жылқылар Ресей федерациясының аумағына өтіп кеткен. Жылқыны барымталап кету шекараға жақын орналасқан аудандарда жиі орын алады. Қыркүйек ауында Денисов ауданындағы Синегорск селосында «Просторы» ЖШС-нің 47 бас жылқысы қолды болып, шаруашылық 8,5 миллион теңге зиян шеккен. Денисов ауданында және Челябі облысының Варна ауданында шекараның қоршалмаған учаскелері ұрылардың жолына айналып тұр.

Бүгінге дейін облыстық полицейлер 22 адамнан тұратын 9 қылмыстық топты ұстаған. Олар 44 рет мал ұрлаған. Облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерінің айтуынша, ауыл тұрғындары малға ен салуға немесе таңбалауға салғырт қарайды. Цифрландырудың жетістігіне назар салып, «Джипиес» жүйесін қолданбайды.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Аймақтар • Бүгін, 18:03

Ұқсас жаңалықтар