Қазақстан • 16 Қазан, 2018

Съезд – нақты іске көшудің мысалы

431 реткөрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басын қосу арқылы әлемдік мәселеге бейжай қарамайтынын білдіріп, мәселенің негізін жете түсініп отыр.

Сондықтан осындай ауқым­ды шара ұйымдас­тыр­ған Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтамын. Әлемдік және дәстүрлі дін­дер көшбасшыларының пікір­лесуіне мүмкіндік жасау – бейбітшілік туралы құр сөз­ден нақты іске көшуге ша­қы­рудың шынайы көрінісі. 

Экстремистік пиғылдағы адамдарды қатарға қосу оңай шаруа емес. Оларды түзету жұмыстары жылдарға созылады. Менің ойымша, зорлық-зомбылықтың бетін сенім тә­жірибесімен қайтаруға мүм­­кіндік бар. Ол үшін адам­да­рдың жүрегіне иман ұя­ла­­ту керек. Бұл туралы XV ғасырдың өзінде крест жо­рықтарына қарсы шық­­қан кардинал Николай Кузанский де айтып кеткен. Оның сенім мен бейбітшілік туралы трактаты әлемге деген сүйіспеншілікке толы, өзге дін­дердің өкілдеріне ашық­тығы тамсандырады.

Осы конференцияға жи­нал­ған­дардың бәрі әлемде бей­біт­­шілік пен қауіпсіздік ор­на­ға­нын қалайтын діни басшылар. Олар саясаткерлермен бір қа­тарда адамзаттың ізгі мақ­­­сат­ы үшін жұмыс іс­теуі керек. 

Әлемдегі діндер арасын­да ынтымақтастық пен әріп­тестік орнату үшін барша мүм­кіндіктер қарастырылған. Шар­тараптың қай бұрышында бол­сын, кез келген дін бейбіт­шілікке шақырады. 

Құранның аяттарында да бұл туралы айтылған. Бейбіт өмірге бірге қадам басып, оны тарату қажеттігіне баса назар аударылады. Бұл Алланың мұсылмандарға ғана емес, барша адамзатқа қарата айтқан сөзі.

Шейх Равиль ГАЙНУТДИН,

Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Алматы еліміздің мәдени орталығы

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Жаңаөзенде «Баста» форумы өтті

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Алғашқы күні жүлде бұйырмады

Спорт • 18 Қазан, 2019

«Алтын бутса» иесі атанды

Спорт • 18 Қазан, 2019

Тағы овертаймда ұтылды

Хоккей • 18 Қазан, 2019

Жәнияның жұлдызы жарқырады

Руханият • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар