Аймақтар • 16 Қазан, 2018

Павлодар облысында отырғызылған ағаштардың 70 пайызы өспей қалған

28 реткөрсетілді

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, өңірдегі  абаттандыру, тазалық  жұмыстарына 12,8 млрд. теңге бөлінген. Қазір бұл қыруар қаражаттың-8,7 млрд. теңгесі игеріліпті.

Нәтижесінде, күзгі сенбілік барысында 1 миллионе 116 мың текше метр ауланың аумағы тазаланып, 10,2 мың тонна қоқыс  шығарылған, 277 ескерткіш қалыпқа келтіріліпті.

Жергілікті әкімдіктердің қолдауымен 10,3 мың түп күзгі ағаш отырғызылды. Сенбілікке 91 мың адам, 800 бірлік техника қатысқан. Абаттандыру ісіне немқұрайлы қараған тұрғындар, шағын және орта кәсіпкерлік өкілдеріне жергілікті полиция тарапынан әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салынуы мүмкін.

Кәсіпкерлерге Успен ауданындағы  А. Касицын басқаратын «Галицкое» ЖШС мен Шарбақты ауданындағы А. Поляковтың Абай атындағы өркениетті шаруашылықтарын  үлгі етуге болар.

Мысалы, облыстық әкімдік отырысындағы жиында айтылғандай, аудандарда отырғызылған ағаштардың 70 пайызы күтімнің жоқтығынан сол күйі өспей қалған.

Аудан-қала әкімдері бәленбай мың адам сенбілікке шығып, бәленбай мың тонна қоқыс жинады» деп тек сандар көрсетілген есеп береді.  Железин ауданында сенбілікке 7 мың адам, облыс орталығында 25 мың адам сенбілікке қатысып, 230 техника жұмылдырылған дейді.

Ал, биыл облыс орталығында 10 мың ағаш отырғызу жоспарланыпты.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар