Аймақтар • 16 Қазан, 2018

Түркістан еңбек күші бар, бірқатар салаларды дамытуға қолайлы облыс

167 реткөрсетілді

Түркістан еңбек күші бар, бірқатар салаларды дамытуға қолайлы облыс. Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары өңір әлеуетін осылай бағалады. Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жүзеге асыру бойынша өткен аймақтық сарапшылар кездесуінде аталған институттың әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина «Өмір сапасының деңгейі: негізгі өлшемдері мен индикаторлары» тақырыбында баяндама жасады.

Түркістан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасымен бірлесіп өткізген жиын Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың мәдениет сарайында өтті.

«Түркістан облысының жаңадан құрылуының өзі бұл өңірдің әлеуеті мықты екенін білдіреді. Себебі, еңбек күші бар әрі бірқатар салаларды дамытуға қолайлы облыс. Осы бастама арқылы Түркістанға инвестиция тартылып, халықтың әл-ауқаты көтеріледі. Елбасы Жолдауындағы басты міндет те — осы. Яғни, елдің тұрмыс деңгейін көтеру», деген А. Жолдыбалина өмір сапасын анықтаудағы негізгі индикаторлар мен өлшемдер туралы түсіндіріп берді.

Ал институттың ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова «Жаңа заманның мемлекеттік қызметкерлері - ел саясатының тиімді жүзеге асуының негізі» тақырыбында ой қозғады.

«Елбасы мемлекеттік қызметшілердің деңгейін, мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру жөнінде тапсырма берді. Бұл бағытта да жаңа бастамалар қолға алынып жатыр. Мәселен, ескі жүйе бойынша мемлекеттік қызметкердің жалақысы оның лауазымы мен еңбек өтіліне байланысты болатын. Ал, жаңа жүйе бойынша жұмыстың күрделілігі ескеріледі. Жұмысты сапалы істеген қызметкерлерге бонустар беріледі. Осы арқылы басшылық пен мамандар жалақысы арасындағы алшақтық төмендейді», деді ол.

Белгілі саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхаммед Түркістандағы жетекші оқу орындары мемлекеттік басқару, урбанизация, туризм салалары бойынша мықты мамандар даярлауды күшейтулері тиіс деп есептейді. Саясаттанушының пікірінше, биыл бір жылда екі Жолдаудың жариялануының астарында Елбасының әлеуметтік мәселелерді жылдам шешу мақсаты жатыр.

Себебі, үш ай бұрын айтылған тапсырмалар мен бастамаларды келесі жылдың бюджетіне енгізуге мүмкіндік бар. Жиынды жүргізіп отырған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев сарапшылардың пікірлері студенттер мен оқытушыларға серпін беретінін жеткізді. Кездесу соңында жиынға қатысушылармен қоғамдағы өзекті мәселелерге жедел мониторинг жасау жөнінде семинар-тренинг өткізілді.

 

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар