Теннис • 16 Қазан, 2018

Юлия Путинцева жарысты жеңіспен бастады

33 реткөрсетілді

Теннистен еліміздің бірінші ракеткасы, WTA тізімінде 48 орында тұрған Юлия Путинцева Мәскеуде шымылдығы түрілген «Кремль кубогы» жолындағы жарысты жеңіспен бастады.

Өзінің тұсаукесер кездесуінде жерлесіміз Ирина Бегумен күш сынасты. Әлемдік рейтингте 53 орынды еншілеген Румынияның өкілі Путинцеваға жарытып қарсылық көрсете алған жоқ. Екі сеттік сайыс 6:2, 6:0 есебімен аяқталды. Келесі айналымда қазақстандық теннисші Анастасия Севастовамен шеберлік байқасады. WTA рейтингінде 11 сатыға жайғасқан 28 жастағы Латвияның ойыншысы биыл айды аспанға шығарып, АҚШ-тың ашық біріншілігінде жартылай финалға дейін жеткен еді. Осы бәсекенің жеңімпазы ширек финалға жолдама алады.

Сондай-ақ, бүгін Қазақстанның тағы екі өкілі кортқа шығады. Олар – Михаил Кукушкин мен Александр Бублик. Ерлер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы, АТР тізімінде 73 орында тұрған Кукушкин ресейлік Евгений Донскоймен күш сынасады. Ал Бублик франциялық Пьер-Юг Эрбермен кездеседі.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар