Жекпе-жек • 16 Қазан, 2018

Спорттың жекпе-жек түрлері бойынша конфедерация кубогының іріктеу туры өтті

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорттың жекпе-жек және күш қолданылатын түр­лері бойынша конфедерация кубогының іріктеу турында Ақмола, Қызыл­орда, Түр­кістан және Солтүстік Қа­зақ­стан командалары өзара күш сынасты.

Спорттың жекпе-жек түрлері бойынша конфедерация кубогының іріктеу туры өтті

Жарыстың ашылу салтанатында денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Рус­лан Есеналин осымен үшінші рет өткізіліп отырған айтулы шара өңіраралық бәсе­келестік ортаға айналғанын, алғаш рет бойжеткендер бақ сынайтын ерекшелігін, Кон­федерация арасында қол қойылған мемо­рандумға орай жер­гілікті жерлерде спорт түрлері кеңінен өріс алғанын атап өтті.

Боз кілемге бірінші болып таэквондошылар шықты. «Күш атасын танымас» де­мек­­ші, түркістандықтар қы­зыл­ордалықтардан айласын асырды. Олар басқа қар­сы­лас­тарын да тізе бүктіріп, бі­рінші орынды иеленді. Еркін күрестен де мерейлері үстем болды. Грек-рим күресінен алаң иелері ақмолалықтардан жеңіліс тапқанымен, қалған белдесулерде есесін жібермеген күйі жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Дзюдодан Сыр бо­йының өкілдері алдарына жан салмады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы