Аймақтар • 16 Қазан, 2018

Маңғыстау облысы 2018 жылға 464 миллиард теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр

160 реткөрсетілді

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен  аппарат жиынында айтылды.

2018 жылдың 9 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлбекова баяндады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2168,6 миллиард теңгені, нақты көлем индексі 101,2 пайызды құрады. Тау-кен өнеркәсібінің көлемі - 1890,4 млрд. теңге, НКИ - 101,1%. Мұнай өндіру - 13,51 млн. теңге, НКИ - 100,8%. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі - 179,8 млрд. теңге, НКИ - 112,0%. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 371,9 млрд. Теңге НКИ 109,3% -ды құрады. Жалпы алғанда, 2018 жылы облыстық экономикаға 464 млрд. теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарының көлемі 140,7 млрд. теңге - НКИ 103,3%. 910,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, НКИ - 137%. Ауыл шаруашылық өнімдерін  шығару - 7755,4 млн. теңге. НКИ 103,8%. Өнеркәсіпте жоспарланған жылдық көлемі 13,8 млрд. теңгені (НКИ - 104,5%) құрайды.

2018 жылы кәсіпкерлікті қолдау картасының аясында жалпы сомасы 2,4 миллиард теңгені құрайтын және 73 жаңа тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 3 жобаны енгізу жоспарланып отыр. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 2018 жылдың басынан бері құны 100,0 миллион теңге болатын 61 жоба мақұлданды. Микронесиелеу ұйымдары мен «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қорынан» АҚ 867,4 миллион теңге болатын 184 микронесие берілді. Нәтижесінде 270 жаңа жұмыс орны құрылды. Ал «Нұр капитал» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге 1% пайыздық үстемақымен жыл басынан бері 192 жоба мақұлданып, 2,9 миллиард теңге несие берілді. Бұл бағдарлама 1 600 жұмыс орнын құруға сеп болды. Жалпы облыс бойынша 28625 жаңа жұмыс орны пайда болды. Өлкедегі жұмыссыздық 4,8 пайызды құрап отыр, деді Марина Әлбекова.

2018 жылдың 9 айындағы республикалық бюджеттің игерілуі туралы қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дамеля Ерпанова баяндады. 2018 жылдың 1 қазанына дейін жергілікті бюджеттің кірісі 108 миллиард теңге немесе 101,5%-ға жеткен. 9 айдың қорытындысы бойынша облыс шығыны 122,7 миллиард теңге немесе 97,6%-ды көрсетіп тұр. Сондай-ақ қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дамеля Ерпанова жекешелендіру жұмысының барысы туралы да айтты. Жекешелендірудің 2016-2017 жылғы жоспарына сәйкес 15 нысан болса, оның 11-і коммуналдық меншік, ал төртеуі ауыл шаруашылығы кооперативі. 11 нысан іске қосылып, төртеуі саудадан алынып тасталды. 2018 жылға арналға жекешелендіру жоспарында 13 нысан бар.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 6

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Дәуір белесінің авторы

Әдебиет • Кеше

Мінез жұмбақтығы

Әдебиет • Кеше

Әуезовтің жалғасы

Әдебиет • Кеше

Ғасыр эпопеясы

Руханият • Кеше

Өрісі кең, өрелі

Руханият • Кеше

Хат қоржын (22.10.2019)

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар