Аймақтар • 16 Қазан, 2018

Маңғыстауда «7 -20-25» бағдарламасы бойынша 194 өтінім қолдау тапты

135 реткөрсетілді

Маңғыстау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Эльдар Машырықов «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» жолдауындағы «7-20-25» бағдарламасы туралы баяндады.

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 910,5 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді және даму деңгейі 137 % құрады. (2017 жылдың 9 айында – 664,8 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді). Жыл соңына дейін іс жүзінде 1,0 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Облыс бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етілу 1 тұрғынға  22,4 шаршы метрді құрайды (ҚР бойынша – 21,6 шаршы метр). Пайдалануға берілетін тұрғын үйлер көлемінің қарқыны жыл сайын 10%-ға өсіп отырса және халық саны 3%-ға өссе (Соңғы 5 жылда халық саны орташа есеппен 3%-ға өсіп отырған), тұрғын үймен қамтамасыз етілу көлемі 2025 жылға 1 тұрғынға 30 шаршы метрді құрайды. «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы негізінде 2-ші деңгейлі банктермен 1,6 млрд. теңгеге 194 өтінім қолдау тапты деді, басқарма басшысы. Аталмыш бағдарламаға 700,0 млн. теңге бағыттау жоспарлануда. Нәтижесінде Маңғыстау облысындағы халықтың 1000 шақты пәтерді сатып алуға несие алу қолжетімділігін жақсартады (жыл соңына дейін Ақтау қаласында 2300 пәтер тапсырылады). Қосымша несиелер тұрғындарға қайтарымдылық, ақылылық және мақсатты пайдалану негіздерінде беріледі. Қосымша несиенің жылдық мөлшерлемесі 7%-дан аспайды, несие мерзімі – 3 жыл.

Ауыл шаруашылық басқармасының бастышысы Серік Қалдығұл Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жайында баяндады. Баяндамашының мәліметінше, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті оның ішінде ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында, 2018 жылға республикалық бюджеттен 1 244 089 млн теңге бөлініп, облыс әкімдігінің қаулысымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на – 821 837 200,0 теңге және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на – 422 251 800,0 теңге бөлініп берілген. Қазіргі таңда 533 400 000,0  теңге игеріліп, 144 адамға несие берілген және шамамен 242 жұмыс орны құрылған. Қалған несие қаражаты жыл соңына дейін игеріледі деп күтілуде. Қосымша қаржыны толықтай игеру мақсатында 2017 жылы облыс бойынша жасақталған кәсіпкерлікті дамытудың аймақтық картасымен бекітілген 25 кәсіпкерліктің түрі 44-ке көбейтіліп, қаржы ұйымдарына көшірмесі жолданған.

Жалпы 2017 жылы осы бағдарлама негізінде облысқа 474,0 млн теңге бөлініп толықтай игерілген. Нәтижесінде 130 адамға несие беріліп, шамамен 219 адам жұмыспен қамтылғанын атап өтті.

Биыл бөлінген несие қаржысы шегінде шамамен 341 адамға несие беріліп, 574 адам жұмыспен қамтылады деп жобалануда деді, Серік Қалдығұл.

Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлыбек Қойжановтың мәліметінше, облыстағы 27 колледжде (16-сы мемлекеттік, 11-і жекеменшік) 21244 студент білім алуда. Студенттердің жатақханаға қажеттілігі -1800 орынды құрайтынын атап өтті. Сондай-ақ ол, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру мақсатында қолға алынған жұмыстар жайында мәлімдеді. Атап айтсақ, Ақтау қаласынан 200 орынға арналған жатақхана (200 орындық 3б ш/а 52а ғимаратында) республикалық бюджет есебінен сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Ақтау қаласынан 400 орынға арналған (400 орындық 3б ш/а 52а ғимаратында жанынан) жатақхана құрылысы МЖӘ тетігі арқылы 2018 жылдың қараша айында құрылысын бастау  секілді бірнеше жұмыс жоспарын таныстырды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Кішкене оқырмандарға естелік

Руханият • Бүгін, 07:26

Мәлік өнегесі – мәңгілік

Аймақтар • Бүгін, 07:21

Ойқала оғланы

Бүгін, 07:18

Әлем кубогы кімге бұйырады?

Күрес • Бүгін, 07:10

Сан-Марино да гол салды

Футбол • Бүгін, 07:07

Сортаң жер шаруашылық соры

Экология • Бүгін, 06:57

Қаратау неге қаһарлы?

Қоғам • Бүгін, 06:32

«Ел үміті» сенім ұялатты

Аймақтар • Бүгін, 06:25

Дамуы даусыз елдің халқы қамсыз

Парламент • Бүгін, 06:16

Өндірісі өскелең өңір

Үкімет • Бүгін, 06:14

Күмәні көп «Көкжайлау»

Экономика • Бүгін, 06:00

Егемендіктер елге шықты

Қазақстан • Кеше

Футзал: «Қайрат» есе қайтарды

Спорт • 16 Қараша, 2019

Футзал: «Қайрат» ұтылды

Спорт • 16 Қараша, 2019

Ұқсас жаңалықтар