Үкімет • 16 Қазан, 2018

Қаржы министрлігі инвесторлардың жекешелендірілген нысандар бойынша міндеттер орындауын бақылайды

95 реткөрсетілді

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында ҚР қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов пен ҚР ҚМ мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының м.а. Ғалымжан Ибраимов айтты, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Ғ. Ибраимов бүгінгі таңда Жекешелендірудің 2016–2020 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында көлемді жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Оның айтуынша, жекешелендіру процесіндегі маңызды кезең — жекешелендіруден кейінгі бақылау.

«Біз жекешелендірілген нысандар бойынша сатып алу–сату келісімшарты аясында инвесторлар өздеріне алған міндеттемелердің орындалуын бақылайтын боламыз», — деді Ғ. Ибраимов.

Бұдан өзге, 444 сатылған нысанның 36%-ға жуығы аукциондарда сатылғаны аталып өтті. Аукциондарда сатудың мәні қандайда бір шарттардың болмауында: кім көбірек ақша берсе, сол ұтады. Қалған 64% жағдайда активтер тендерлер мен жекешелендірудің басқа түрлері арқылы сатылды.

Мемлекеттік мүлік туралы заңға сәйкес, үш сатылымның қорытындысы бойынша нысандар сатылмаған жағдайда, ол таратылады.

«Егер біз үш рет сатылымға шығарып, сатып алушысы табылмаса, онда нысанның сұранысқа ие болмағаны», — деп түсіндірді Ғ. Ибраимов, сондай-ақ, бірінші кезекте, жекешелендіру экономикаға мемлекеттің қатысу үлесін қысқарту мақсатында жүргізілетінін еске салды.

Сұранысқа ие емес нысандарды жою — мемлекеттің қатысуын азайтудың бір құралы. Нысандарды жою Азаматтық кодекске сәйкес жүргізіледі. Жоюдан кейін қалған мүлік басқа заңды тұлғалар арасында қайта бөлінеді.

Сондай-ақ, ҚР Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі таңда Жекешелендірудің кешенді жоспарында шетелдік инвесторлардың қатысуы 6% құрайды. Жалпы алғанда, шетелдік инвесторлардан шамамен 70 млрд теңге түсті. Сонымен қатар, Ғ. Ибраимов шетелдік инвесторлардың қатысу үлесі айтарлықтай өсуі керек деп санайды.

Өз кезегінде қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов алдағы уақытта бюджетті тиімді игеру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Оның айтуынша, Қаржы министрлігінде апта сайын әрбір бюджеттік инвестиция мен шығындар бойынша бюджеттік қаражаттарды игеруге электронды онлайн-мониторинг жүргізіліп отырады.

«Біз апта сайын мемлекеттік органдармен олардың қаражаттарды игеру проблемалары бойынша кездесу өткіземіз. Ағымдағы бюджетті нақтылау кезінде жыл соңына дейін игерілмеу қаупі бар шығындардың бір бөлігі қайта бөлінді. Аталған қаражаттар Мемлекет басшысының Жолдауы мен бастамалары негізінде бағытталды. Жалпы, күрделі мәселелер талданып, шешіліп жатыр. Келешекте заң жобасын Парламентке жіберген сәттен бастап келесі жылдың барлық мемлекеттік сатып алуларын жариялауды жөн санаймыз, бұл қаңтар айынан бастап мемлекеттік сатып алулар және келісімшарттар жасау процесін едәуір бес айға тездетуге мүмкіндік береді. Қаржы экономикаға жіберіледі», — деп түйіндеді Б. Шолпанқұлов.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Нұрлыбектің домбырасы

Руханият • Бүгін, 12:13

«ХАТ ҚОРЖЫН»

Қазақстан • Бүгін, 12:01

Күлкі керуені

Руханият • Бүгін, 11:14

Екі қола медаль еншіледі

Бокс • Бүгін, 09:57

«Барыстың» қарқыны қатты

Хоккей • Бүгін, 09:52

Кипрді де жеңе алмадық...

Футбол • Бүгін, 09:51

«Қара алтынды» қапысыз ағызған

Қазақстан • Бүгін, 09:44

Қыз әулие

Руханият • Бүгін, 09:34

Қайталанбас қымыз дәмі

Қазақстан • Бүгін, 09:33

Рухани жаңғырған ауыл

Руханият • Бүгін, 09:28

Екіжақты келісімге қол қойылды

Қазақстан • Бүгін, 09:26

Тәлім мен тәжірибе ұштасқан ұя

Қазақстан • Бүгін, 09:10

Жамбылдықтардың жарқын жобасы

Аймақтар • Бүгін, 08:36

Түгел түркіні түгендеген

Әлем • Бүгін, 08:20

Кей өңірлерде ауа райы өзгереді

Аймақтар • 12 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ислам Қабылұлы

Руханият • 12 Қазан, 2019

Сенаторлар сенбілікке шықты

Қазақстан • 12 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар