Аймақтар • 17 Қазан, 2018

Бүркіттің балапандары еркіндікке жіберілді

233 реткөрсетілді

Алматыда «Сұңқар» жабайы құстар тәлімбағында өсірілген бүркіттің тағы 4 балапанын табиғат аясына жіберу салтанаты өтті.

Қыркүйек айының соңында еркіндікке жіберілуге тиісті ақүлпектерді тәлімбақ мамандары жабайы табиғатқа барынша бейімдеп, азық тауып жеуді үйретіп, қазанның бел ортасына қарай ұшырды.

Жұмыртқадан жарып шыққанда қауырсын қанаттары үлпілдеген ақ болатын жыртқыш құстың 6 айлық балапаны күніне бір рет кемі тірі қоян ала алады. Анығырағы тәлімбақтағылар оларды аңға түсуге баулиды. Табиғатынан азаттықты сүйетін құстар  шымыр болып шығуы үшін төбесі биік, іші кең торларды мекен етеді.

Орайы келіп тұрғанда, 30 жылдық тарихы бар «Сұңқар» орталығы – Қазақстандағы жыртқыш құстарды өсіретін жалғыз тәлімбақ екендігін айта кеткен жөн. Соңғы 5 жылда мұнда 21 бүркіт бостандыққа жіберілген. Алайда, мамандарға құстардың ары қарайғы өмірін бақылау қиындық туғызып отыр. Оған қоса, елімізде орнитологтар саны жетіспейді дейді орталық директоры Ашот Анзоров.

«Біз көптеген елдермен тәжірибе алмасып, құстарды да айырбастап тұрамыз. Оларды тиімді көбейту жолдарын да үнемі қарастырып жүрміз. Мәселен, осыған дейін Зоология институтында арнайы кафедра болатын. Қазір ол да жабылып қалған. Тәлімбақта жұмыс істейтіндердің бәрі іс жүзінде мықты деп айта аламын. Құстардың санын көбейтуде біліктіліктің маңызы зор», – дейді «Сұңқар» орталығының директоры Ашот Анзоров.

Қазіргі таңда тәлімбақта 500-ден астам сұңқар мен бүркіт бар. Мамандар Қазақстанның әр түкпірін мекен ететін құстардың 15-тен астам түрін бағады. Олардың саны осында көбейтіліп, сатылады, жоқ түрлері алмастырылады.

Дегенмен айтарлықтай қаражат пен қолдауды қажет ететін жобаларға демеушілер аса қажет. Сондықтан «Эфес Қазақстан» ШС АҚ 2012 жылы бүркіттерді жабайы табиғат аясына жіберуга бағытталған бірегей ғылыми сынақтарды қаржыландыруға кіріскен-ді. Нәтижесінде, жоғарыда атап өткендей, соңғы 5 жылда «Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақтап қал» атты әлеуметтік бағдарламасы аясында 21 бүркіттің ақүлпегі жетілдіріп, жабайы табиғатқа бейімделіп, ұшырылды.

Бүркіттерді еркіндікке жіберу салтанатында «Эфес Қазақстан» ШС АҚ Корпоративтік қатынастар департаментінің директоры Шыңғыс Қаскеев: «Эфес Қазақстан еліміздің ұлттық нышанына айналған, қазір жоғалып бара жатқан бүркіттерді аман сақтап қалу үшін бұл жобаны 6 жыл қатарынан қолдап келеді. Біздің «Сұңқар» тәлімбағымен бірлескен жұмысымыздың арқасында Үлкен және Шағын Бөгет ауданындағы бүркіттердің популяциясы үш есеге артты. Бұл жобаның еліміз үшін маңыздылығын түсіне отырып, біз оған ары қарай да демеушілік көрсетуді жалғастырамыз. Келесі жылға біз арнайы экспедиция жоспарлап отырмыз. Мамандар тәуелсіз мониторинг өткізіп, жабайы табиғаттағы бүркіттерді санап шығады. Бұл біздің жұмысымыздың нәтежиесін бағалауға көмектеседі», – деді.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Жақсы дәстүр жалғасады

Руханият • Бүгін, 08:49

Алаштанушы ғалымның белесі

Руханият • Бүгін, 08:47

Игілікті еңбек иесі

Қоғам • Бүгін, 08:46

Намазалы Омашұлы: Ел шежіресі

Руханият • Бүгін, 08:42

Тараз шаһарындағы тамаша түн

Аймақтар • Бүгін, 08:39

Тұңғыш Тіл форумы өтеді

Қоғам • Бүгін, 08:36

Патриархтың орындалған парызы

Руханият • Бүгін, 08:33

Кедергісіз келешек

Қоғам • Бүгін, 08:31

Жошы ханға ескерткіш орнатылады

Руханият • Бүгін, 08:24

Қазақтардың атқа міну мәдениеті

Қазақстан • Бүгін, 08:22

Еуроны сатып алушылар көбейді

Экономика • Бүгін, 08:20

АQR: 14 банкті «сауықтыру» керек пе?

Экономика • Бүгін, 08:15

Ең қысқа әңгіме. Омарбек Нұрдәулет

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Күлкі керуені № 6

Руханият • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Айбек Ережеп

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Әсел Асқарқызы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Еділ Анықбай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Сайлау Төлеу

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Ербол Бораншы

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ең қысқа әңгіме. Нұрлан Қабдай

Ең қысқа әңгіме • Кеше

Ұқсас жаңалықтар