Әлем • 17 Қазан, 2018

Йеменде 18 миллион адам азық-түлікке зәру

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аштыққа душар болған йемендіктердің саны жақын арада миллионға жетуі мүмкін, деп хабарлайды Euronews. 

Йеменде 18 миллион адам азық-түлікке зәру

Бұл ақпаратпен сейсенбі күні БҰҰ-ның ауылшаруашылық пен азық-түлік ұйымы бөлісті. БҰҰ ФАО-ның ресми өкілі Эрве Верхузел «Жағдай өзгермесе, аштықтан өлім шегіндегі йемендіктердің саны 3,5 миллионға өсіп, жалпы саны 12 миллионға жетуі мүмкін», деді.

Қазіргі таңда БҰҰ бақылауы бойынша 18 миллион адам азық-түлікке зәру. 1 миллион 800 мың бала аштықтың ауыр формасынан жапа шегуде, 400 мың бала өмір мен өлім арасында.

Ходейда портындағы әскери операциялар аймаққа азық-түлік пен басқа гуманитарлық көрсетуге рұқсат бермеуде. Естеріңізге салар болсақ, Йемен мемлекетіндегі шииттер мен хуситтер арасындағы қақтығыс төртінші жылға созылуда. Мемлекет 2014 жылдан бері халықаралық санкция шарттарында өмір сүріп жатыр.