Үкімет • 17 Қазан, 2018

Халықтың әл-ауқатын арттыру басты назарда

274 реткөрсетілді

Парламент Сенатының депутаттары Дәурен Әділбеков пен Рашит Әкімов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Астрахан ауданындағы №6 агротехникалық колледждің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерімен кездесті, деп хабарласты Қазақстан Республикасы  Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру кездесудің басты мақсаты болды.

Сенатор Д.Әділбеков Жолдаудағы әлеуметтік салаға арналған тарауларына кеңінен тоқталып, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы жаңа бағдарламаларды біртіндеп енгізу, шағын және орта бизнеске салынатын салық жүктемесін азайту туралы әңгімеледі. Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған азаматтардың жалақысын көтеру және осы бағдардағы басқа да мәселелер қызу талқыланды.

Рашит Әкімов Елбасының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында еліміздің ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне тоқталды. Бұл орайда, өнім сапасы мен өнімділігін арттыру, астық пен еттің экспорты және оларды қайта өңдеуге бағытталған субсидияларға басымдық берілетін болады. Р.Әкімовтің пікірінше, экономика мен ауыл шаруашылығының барлық салаларына жаңа технологияларды енгізу арқылы еңбек өнімділігі артады.

Колледж директоры Қанат Сүйіндіков депутаттарға оқу сыныптары мен өндірістік шеберханаларды, материалдық-техникалық базаны көрсетіп, түлектерді жұмысқа орналастырудың жағдайы туралы айтып берді.

Кездесуге Астрахан ауданының әкімі Нұрлан Сейілов пен мәслихат хатшысы Мирам Қожахмет қатысты.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұлылар үндескен күн

Аймақтар • 18 Қазан, 2019

Футзал: Бүгін жеребе тартылады

Футбол • 18 Қазан, 2019

Күлкі керуені №4

Руханият • 18 Қазан, 2019

Қазақстанда 200 теңгелік тиын шығады

Қазақстан • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Ерғали Бақаш

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Мақсат Мәлік

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Есболат Айдабосын

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Нәзира Жәрімбет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ең қысқа әңгіме. Алмаз Мырзахмет

Ең қысқа әңгіме • 18 Қазан, 2019

Ұқсас жаңалықтар