Әлем • 17 Қазан, 2018

Керчьтегі колледжде болған жарылыстан 19 адам қаза тапты

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Керчь қаласындағы политехникалық колледжде жарылыс болды. төтенше жағдай салдарынан 19 адам қаза тапты, деп хабарлайды ТАСС.

Керчьтегі колледжде болған жарылыстан 19 адам қаза тапты

Фото: tass.ru

Тергеу комитеті жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Лаңкестікке қарсы Ұлттық комитеттің мәліметінше, оқиға салдарынан 50-ге жуық адам зардап шеккен.

«Колледжге жақын аумақ қоршауға алынды, ғимаратта болған адамдарды қауіпсіз жерге көшіру басталды. Зардап шеккендер қаланың медициналық мекемелеріне жеткізілді. Оларға қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр», деді комитет қызметкерлері.

Қаладағы қоғамдық көлік жарылыстан зардап шеккендерді тасымалдау үшін қолданылуда. Қалалық Көлік басқармасының Жолаушыларды тасымалдау бөлімінде көлік құралдарының санын нақтылаған жоқ. Комитеттегілердің айтуынша, Керчьте анықталмаған жарылғыш құрал жарылған.

Қырым басшысы Сергей Аксеновтың айтуынша, шабуыл жасаған күдікті колледж оқушысының бірі болған. Мұндай жарылыстың қайталанбауы үшін тиісті шаралар қолданылып жатыр.