Үкімет • 18 Қазан, 2018

Өңірлерді дамыту мәселелері жөніндегі кеңес

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бейнеконференция байланысы режімінде Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында атқарылған жұмыстардың жай-күйі жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. 

Өңірлерді дамыту мәселелері жөніндегі кеңес

Кеңес барысында Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Шығыс Қазақстан мен Маң­ғыстау облыстары әкімдік­терінің жұмы­сы бойынша тоғыз айдағы алдын ала есептер және жылдың соңына дейінгі жоспарлар талқыланды.

Базалық индустрияландыру, АӨК, көлік және логистика, сауда, денсаулық сақтау, білім беру, туризм секторларын дамыту, экономика салаларын цифрландыру және АКТ, жаппай кәсіпкерлікті және өнімді жұмыспен қамтуды жетілдіру бағыттары бойынша мақсатты индикаторларға қол жеткізуге жасалған талдаулар ұсынылды.

Бейнеконференция байланысы режімінде Астана қаласының әкімі Б.Сұлтановтың, Алматы қаласының әкімі Б.Байбектің, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбді­р­ахымовтың, Шығыс Қазақ­стан облысының әкімі Д.Ахметовтің және Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжановтың баяндамалары тыңдалды.

Сондай-ақ кеңес барысында Премьер-Министрдің орынбасары Е.Досаев, Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов, Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымова, Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, Мәдениет және спорт вице-министрі Е.Қожағапанов, Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Д. Щеглова түсініктеме беріп өтті.