Аймақтар • 18 Қазан, 2018

Екібастұзда Ассамблея күні өтті

329 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясы  облыстық филиалы бұл күндері өңірдегі аудандарды аралап, кездесулер өткізуде. Кеншілер қаласына келген филиал өкілдерін қала әкімі  Нұржан Әшімбетов қарсы алып, әкімдікте кездесу өткізді. Қоғамдық келісім кеңесі, Медация мамандары бірлесіп жұртшылыққа биылғы Жолдау жаңалықтарын, өздерінің жыл бойы атқарған  жұмыстары жайлы есеп береді.

Екібастұзда Ассамблея күні өтті

Суретті түсірген: Мақсат Айтбай

Жиында  филиал төрағасының орынбасары Сейсенбай  Жетпісбаев сөз сөйлеп, еліміздегі бүгінгі күннің жарқын жетістіктері-елдік пен бірліктің, түсіністіктің, татулықтың берекесі екенін айтып өтті.  

Екібастұздағы  «Достық үйінде» 12 этно мәдени бірлестіктері жұмыс жасауда. Этномәдени бірлестіктердің «Дулкын», «Гюзал-ай», «Славяночка», «Світанок», «Маршо», «Бояхад» «Зодоринка сияқты өнер ұжымдары қалада өтетін барлық мәдени мерекелік шаралардан қалыспайды.

Қазақ тілін оқып-үйрену этномәдени бірлестік мүшелерін патриоттық рухта тәрбиелеуге ықпал етеді. Әр этномәдени бірлестікте мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасауға, өз ана тілін оқып үйренуге барлық жағдай жасалған. Өздерінің ұлттық салт-дәстүрлерін жаңғырту этномәдени бірлестіктерінің мүшелерін біріктіреді. Этно-мәдени бірлестік қаладағы «Үміт» балалар үйімен, орта арнаулы және жоғарғы оқу орындармен бірлесе мәдени  шаралар өткізеді.

Өткен жылы «Достық үйінде» «Полония» атты  поляктар бірлестігі балалар ансамблі құрылды.  «Возрождение» немістер  мәдени орталығы немiс тiлiнiң зерттеуiне көңіл бөлінедi. Немiс тiлiн үйретуге жұмсалатын шығындарды Гете атындағы Немiс мәдениет орталығы төлейдi.

«Братство» атты славян орталығы жыл сайын «Славян жазбасы мен мәдениетінің күндерін» өткізеді. Татар-башқұрттардың «Шатлық» бірлестігінде «Сабантой»  ойын-сауық кештеріне шақырады. Шешен-ингуштардың «Вайнах» және азербайжандардың «Азербайжан» бірлестіктерінде Ораза айында мүмкіндіктері шектеулі балаларға «Достық үйінде» қайырымдылық ас беріледі. Украиндардың «Світанок» бірлестігінің жанында «Дударыки» балалар ансамблі мен «Світанок» хоры ән салады.  Кәрістердің «Чосон» және еврейлердің «Бэяхат» бірлестіктері ортақ іске жұмылған.

Ассамблея күні этно мәдени бірлестіктер өнер  ұжымдарының концертімен аяқталды.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР