Саясат • 18 Қазан, 2018

Бәсекеге қабілеттілік басты назарда

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Бекмырза Еламанов пен Мұрат Бақтиярұлы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында жұмыс бабындағы сапармен Қызылорда облысында болды. 

Бәсекеге қабілеттілік басты назарда

Сенаторлар Сырдария ауда­нындағы «Бақ» және «Қы­зыл диқан» шаруа қо­­жа­лықтарында жергілікті тұрғындардың, ша­руа қо­жа­лықтары басшыла­ры­ның, мәслихат депутаттары мен мемлекеттік орган қыз­мет­кер­лерінің және мұғалім­дердің қатысуымен кездесу өткізді. 

 Депутаттар Шиелі ауданында да жергілікті тұрғындармен кездесті. Облыс орталығында­ғы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ор­талығына және шыны жасау зауытына ат басын бұрған сенаторлар осы кәсіпорындар­дың қызметкерлеріне де Жолдаудың басымдықтарын түсіндірді. Және Сыр өңірінің тұрғында­рын Елбасының Жолдауда алға қойған міндет­терін орындауға белсене атсалысуға шақырды. 

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы