Саясат • 18 Қазан, 2018

Жаңа мүмкіндіктер туралы айтылды

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Владимир Волков пен Нұржан Нұрсипатов Елбасының Жолдауын түсіндіру мақсатында «Тұран-Астана» университетінің студенттерімен кездесті. 

Жаңа мүмкіндіктер туралы айтылды

Депутаттар «Студенттерге қызмет көрсету орталығын», интерактивті жабдықтары бар дәрісханалар мен сот отырысы залын, қылмыстық полигонды аралады және кабинеттердің техникалық жабдықталуымен, студенттердің жатақханамен қамтамасыз етілуімен танысты. 

Сенатор В.Волков Мем­лекет басшысының Жолда­уын­да білім сапасына басым­дық берілгенін атап өтті. «Тү­лектердің жұмыспен қамтылуы жоғары оқу орындарының білім сапасының көрсеткіші болмақ. Сұранысы төмен ма­мандықтар біртіндеп азаяды», деді ол. 

Сенатор Н.Нұр­си­патов азаматтың рөлі мен Жол­дау­дың әлеуметтік бағ­дары туралы ойын ортаға сал­ды. Сон­дай-ақ депутат қазақ­стан­дық жастар үшін көптеген бағ­дарламалардың жүзеге асырылып отырғанын және жоғары оқу орындары мен колледж тү­лектеріне берілетін жаңа мүм­кіндіктер туралы айтып өтті.

Майгүл СҰЛТАН,

«Егемен Қазақстан»

АСТАНА