Спорт • 18 Қазан, 2018

Әлемдік рейтинг жаңартылды

67 реткөрсетілді

Теннисшілердің жаңар­тылған әлемдік рейтингінде жерлестеріміздің арасынан ең үздік нәтижеге Михаил Кукушкин қол жеткізіп отыр. Осы күнге дейін 83-орынды қанағат тұтып кел­ген ол бірден 10 сатыға жо­ғар­ылап, қазіргі кезде 73-орын­ды иеленуде.  

Қазақстандықтар арасынан АТР тізімінде ТОП-100 теннисші қатарында Кукушкиннен өзге спорт­шыларымыздың көрсет­кіші көңіл көншітерлік емес. Мәселен, еліміздің екінші ра­кет­­касы Александр Бублик рей­тингте 219-орында тұрса, Александр Недовесов 246-сатыға жайғасты. Ал Денис Евсеев небәрі 308-орынды еншілеуде.

ТОП-10 (ерлер): 1. Рафаэль На­даль (Испания), 2. Новак Джо­кович (Сербия), 3. Роджер Федерер (Швейцария), 4. Хуан Мартин Дель Потро (Аргентина), 5. Александр Зверев (Германия), 6. Марин Чилич (Хорватия), 7. Доменик Тим (Аустрия), 8. Кевин Андерсон (ОАР), 9. Григор Димитров (Болгария) және 10. Джон Изнер (АҚШ).

Қыздар арасындағы ТОП-100 теннисші қатарында отандас­тарымыздың арасынан Юлия Путинцева мен Зарина Диас бар. Юлия WTA тізімінде 48-орынды иеленсе, Зарина 90-сатыға табан тіреді. Соңғы кездері тәуір ойын өрнегімен көзге түсіп жүрген 19 жастағы Елена Рыбакина 186-орынға көтерілді. 

ТОП-10 (қыздар): 1. Симона Халеп (Румыния), 2. Каролин Возняцки (Дания), 3. Анжелика Кербер  (Германия), 4. Наоми Осака (Жапония), 5. Каролина Плиш­кова (Чехия), 6. Элина Сви­толина (Украина), 7. Петра Кви­това (Чехия), 8. Слоан Сти­венс (АҚШ), 9. Юлия Гергес (Гер­мания) және 10. Кики Бертенс (Нидерланд).

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар